Осыдан 50жылбұрын Павлодар қаласының №24 сәбилер бақшасы өзінің кішкентай тұрғындарына есігін ашты.
50 жылдық мерейтойға байланысты 2012 жылдың 2 қарашасында сәбилер бақшасы, Светлана Түсіпбекқызының басшылығымен өз қонақтарын қарсы алды.
Салтанаттты шараға қаламыздың әртүрлі ұйымдарымен қонақтар қатысып өздерінің жылы лебіздерін білдірді.
Павлодар қалалық “Нұр Отан” партиясы, Павлодар қалалық білім беру бөлімінен, “Білім беру қызметкерлерінің Павлодар қалалық кәсіподақ ұйымы” өкілдері келіп, балабақша қызметкерлерін алғыс хаттармен марапаттады және бағалы сыйлықтар сыйлады. Ал, балабақша қызметкерлері және тәрбиеленушілер өз алғыстарын ән, бимен білдірді.
Мерейтой соңында еңбек ардагерлері өз естеліктерімен бөлісіп, ата – аналар алғыстарын білдірді.