«Аяз-Ата және жаз» музыкалы-шынықтыру көңіл көтеруі.
Біздің балабақшада «Аяз-Ата және жаз»музыкалы-шынықтыру көңіл көтеруі өтті.Балалар ертегі кейіпкерлермен кездесті. Жазда Аяз-Атаның келуі балаларға ерекше әсер етті. Балалар ән айтты, би биледі, әр түрлі қимыл қозғалыс және спорт ойындарын ойнады.
Мерекенің кішкентай қатысушыларына ерекше көңіл бөлінді: оларға қимыл – қозғалыс ойындарынан басқа құм және сумен ойындар ұсынылды. Балалар мерекеден үлкен әсер алып, қуанышқа бөленді.