Жаңа жылыңызбен құттықтаймыз! Келе жатқан Жаңа Жылқы жылы құтты болсын!
Біздің балабақшада Жаңа жылдық ертеңгіліктер өтті. Балалар шырша жанында би билеп, ән шырқап Жаңа жылды қарсы алды. Әр түрлі ертегі кейіпкерлері келіп кішкене бүлдіршіндердің көңілін көтерді. Мереке соңында Аяз-атамен Ақшақардан тәтті сыйлықтар алды.
Сонымен қатар сәбилер бақшасының кәсіподақ ұйымы өз қызметкерлерін назардан тыс қалдырмады. Қызметкерлердің балаларына арнап көңілді Жаңа жыл мерекесін ұйымдастырды. Балалар қызықты ойындар ойнап, ән шырқап қызыққа бөленді.