Біздің балабақшада «Наурыз келді» атты ертеңгілік өтті.

Біздің балабақшада «Наурыз келді» атты ертеңгілік өтті.
Балалар Ұлыстың ұлы күнін ән, бимен қарсы алды.
Мерекеге Қыдыр ата келіп өз батасын берді.
Жүргізушілер ежелгі Наурыз тойының тарихынан шағын шолу жүргізді. Ертегі кейіпкерлері Алдар-Көсе, Бай мерекенің сәнін келтірді.
Наурыз тойы - елдің тойы.
Көктем тойы – төлдің тойы
Ән айтылып күні бойы
Құтты болсын, Наурыз тойы!