"Ертегілер ізімен"



Ортаңғы тобының тәрбиешісі Г.Г.Камалетдинова "Ертегілер ізімен" тақырыбына сабақ өткізді. Балалар әуе шарымен ертегі алаңқайына ұшып келді. Олар жұмбақтар шешіп "Мимика" ойынын ойнады. Сабақ "Бауырсақ" ертегісін сахналаумен аяқталды. Соңында балалар қонақтарды келесі ертегіні көруге шақырды.