2016 ж.26.10-да Павлодар қ.№ 24 сәбилер бақшасында мектепке дейінгі ұйым әдіскерлері үшін семинар – практикум өтті. № 24 сәбилер бақшасы басшысы м.а. Е.А.Гладышева педагогтерді ата – аналармен жұмыс бойынша нормативті – құқықты базамен таныстырды. Әдіскер Г.Б.Қаушева № 24 сәбилер бақшасының дәстүріне айналған ата – аналармен бірге өткізілетін шаралармен таныстырды. Тәрбиеші Е.А.Дорн ата – аналармен балалардың біріккен сабағынан үзінді көрсетті және «Біз біргеміз» ата –аналармен қарым – қатынас мектебі жұмысының тәжірибесімен бөлісті. Семинар – практикум «Мен айтқым келеді ...» рефлексиямен аяқталды.