Қазақстанның Тәуелсіздігі Күні – Қазақстан Республикасының ең басты ұлттық мерекесі. Осыған орай біздің балабақшада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған шара өтті. Біздің балалар аңыз арқылы мемлекеттік рәміздердің қалай пайда болғанымен танысты. Бұл шарада балалар өз халқының салт – дәстүрін біліп, қызығушылықпен тыңдады. Мерекенің сәнін өз әнімен «Мың бала» облыстық конкурсының жеңімпазы Бачарникова Мария жалғастырды. Шара балалардың, үлкендердің Отанға деген тілектерімен аяқталды.