2015 жылдың 17 қарашасында «Достық үйінде» республикалық мәдени-ағартушылық «Мың бала» жобасының облыстық іріктеу қезеңі өтті. Мектепке дейінгі мекемелердің өзге этнос өкілдері арасында мемлекеттік тілді білу боцынша, біздің балабақшаның тәрбиеленушісі Бачарникова Мария 1 орынға ие болды .Ол қазақтың көне мұрасының бірі «Домбыра» туралы өлең оқып , ән шырқап өз шеберлігін көрсетті және Павлодар облысы Әкімдігі апаратының, Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының, «Қазақстан мұсылман әйелдері» лигасынан дипломмен марапатталды Сонымен қатар қазақ тілі мұғалімі Айтжамал Шорманқызы Шмидт осы конкурсқа дацындағаны үшін құрмет грамотасымен марапатталды.