Жол қауіпсіздігі ережесі бойынша көңіл көтеру "Қайғылы жағдайды болғызбау"

Балалардың өмірін және денсаулығын қорғау мақсатында, көшеде және жолда қауіпсіздік тәртібін машықтандыру және тұрақты білімін қалыптастыруда 2014 жылғы 14 маусымда біздің балабақшада жол қауіпсіздігі ережесі бойынша көңіл көтеру жұмбақ, тақпақ, макеттер, қимылды ойындардың көмегімен балалар жолдан қалай өту керек екенін, автобус, трамвайдың қай жағынан жүру керек екенін біліп үйренді. Сонымен қатар көшедегі қауіпсіздік тәртібі туралы көптеген жаңа нәрселерді білді. Көңіл көтеру өте қызықты, ойын түрінде өтті. Балаларға әсіресе тәжірибелік тапсырма ұнады.