Маршакта қонақта

Біздің балабақша №4 балалар кітапханасымен тығыз байланыста. Кітапхана қызметкерлері С.Маршактың 130 жылдығына арналған шараға балаларды шақырды. Мерекеде балаларды "Вот какой рассеянный...", "Почтальон" шығармаларының кейіпкерлері қарсы алды. Олар жұмбақ жасырды, балалармен ойындар ойнады. Ал балалар С.Маршактың шығармаларынан үзінді оқыды. Шара соңында кітапхана қызметкерлері балаларға С.Маршактың шығармаларымен кітап сыйлады.