"Қауіпсіз ойыншықтар" акциясы

"Қауіпсіз ойыншықтар" акциясы аясында біздің балабақшада "Ойыншықтарды жасау бойынша шеберхана" ұйымдастырылды. "Шеберхана" қатысушылары даярлық топ балалары. Кішкентай шеберлер ойыншықтарды дүкеннен сатып алу міндетті емес екенін, өз қолдарымен қәжетті материалдан жасауға болатынын білді. Жаңалықты қызығушылықпен қабылдады. Ойларын, қиялдарын, өз жұмыстарында корсете білді.