Денсаулық - адам өмірі үшін ең басты нәрсе

"Денсаулық - адам өмірі үшін ең басты нәрсе" - осы ұранмен біздің балабақшада денсаулық сақтау бойынша ашық сабақтар өтті. 2 сәбилер тобы педагогтері сауықтыру жаттығуларын, ортаңғы топ спорттық шара, ересек тобы - ертеңгілік жаттығуды, даярлық тобы қауіпсіздік мінез-құлық негіздері бойынша сабақ көрсетті. Ашық көріністер барысында педагогтер денсаулық сақтау технологияларын қолдану бойынша тәжірибелерімен бөлісті.