Туымыз биікке желбіреп тұрсын !
Қазақстан Республикасы жасарып, көркее берсін!
Осы тәуелсіздік мерекесіне арналған шаралар біздің балабақшада өткізілді.
«Менің Отаным – Қазақстан » атты ата – аналармен балалардың біріккен сурет көрмесі, тіл дамыту сабақтарында балалар «Қазақстан » тақырыбына әңгіме құрды, Отан туралы мақал – мәтелдер, өлеңдер жаттады. Мереке «Біз Қазақстанды мақтан етеміз» ойын сауығымен аяқталды. Бұл ойын сауықта балалар мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін көрсетті, қазақтың ұлттық ойындарын ойнап, өлең, тақырыптар айтты. Сонымен қатар балабақшаның басқа ұлт өкілдері қызметкерлері де мемлекеттік тілде өз өнерлерін көрсетті. Біз осындай шаралар арқылы балалардың мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын арттырып, Отандыы сүюге баулимыз.