Біздің балабақшада 2 қыркүйекте«Білім күні»атауымен мереке өткізілді.«Білім күні»оқушылардың, студенттердің сүйікті меркесі болып саналады, бірақ балабақшаның тәрбиеленушілері де осы мерекені жақсы көреді. Бұл күні балабақшаларда ойын-сауықтар, ертеңгіліктер, танымдық сұхбаттар өткізіледі. Білім күні балаларға қуаныш, жақсы көңіл-күн сыйлайды. Міне бүгін де біздің балалар мерекеге әдемі, сәнді киініп, жақсы көңіл-күймен келді! Сондықтан бүгінгі күн біз үшін өте маңызды, себебі бұл жаңа оқу жылының басталуы!
Мақсаты: Балаларға қуаныш сыйлау, эмоционалдық көңіл –күйін көтеру, ұжым қатысушыларын біріктіру.
Міндеті:
1. Білім күні мерекесі туралы білімдерін жалпылау.
2. Балалардың шығармашылық қиялын, есте сақтау қабілетін,байланыстырып сөйлеуін дамыту, ырғақты, екпінді, қимыл қозғалыс үйлесімін сезінуге үйрету.
3. Эмоционалдық ықыластылыққа, достық қарым-қатынасты нығайтуға тәрбиелеу.