«Асық party» Акциясының жалғасы.
Біздің балабақшамызда «Асық party» акциясы 2017 жылғы 3 қарашада басталған еді. Бүгін №28 сәбилер бақшасында біздің әріптестеріміз «Асық party» акциясын жалғастырып, талай балаларды қуантты. Журналист Жұмабек Сманов біздің басшымызға жас-өспірімдерді патриоттық тәрбиеге бауылып, қазақ халқының салт-дәстүріне көңіл бөліп отырғанына ризашылығын білдірді. Кезекті эстафета № 93-ші балабақшаға табыс етілді.