Сенім телефоны
email: yasli-sad35@mail.ru
Мекенжайы: Сормов көш., 5/2
55-64-74, 65-13-05, 55-59-42
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
09-00ден 18-00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Асық атты балақай, Алшы түсті, алақай!
22-11-2017 09:15
Асық   атты балақай,  Алшы түсті, алақай!

Бүгін 2017 жылығы 21 қарашасында Республикалық ЕлАнаkz. https://elana.kz/ әлеуметтік қоғамдық танымдық сайтында біздің балабақшаның бастамасымен «Асық party» туралы шаң теңіз кең сауатты жаңалық орын алып бүкіл Қазақ еліне жарияланды. Біз өте қуаныштымыз осындай жаңалық қаншама адамдардың көңілінен шығып ортырғанына. Төменде осы Республикалық жаңалықтын қысқа үзіндісі
Ал толық «Асық party» туралы жаңалықты https://elana.kz/ оқи аласыздар.
21 қараша Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы талайлардың санасына серпіліс жасауға түрткі болғаны сөзсіз. «Өшкеніміз жанып, өлгеніміз тіріліп» жатыр десек те болады. Соның бір айғағы – кейінгі кезде ұлттық ойынымыз асыққа деген қызығушылық артып, жас ұрпақты көненің құндылығымен таныстыруға мүмкіндік туды. Бұл істе қазақ журналистикасы саласында жүргендер өз жауапкершілігін терең түсінгенін атап өту керек. Мәселен, жуықта павлодарлық бір топ журналистер бастаған «Асық party» интернет жобасы бүгінгі таңда қанатын кең жайды.
Ең бірінші болып хабарласқан №35 балабақша ұжымы болды. Мекеме басшысы Гүлжауар Әубәкірова мұрындық болып, балалар арасында асық атудан жарыс ұйымдастырып, оған өңірдегі ұлттық спорт жанашырлары да қатысты. «Асық party» акциясы аясында өткен алғашқы шараға аталған мекемеден 30-дай бала қатысты. Бір қуантарлығы олардың арасында қазақ балаларымен қатар, өзге ұлттың өкілдері де бар. Балабақша директоры Г.Әубәкірованың сөзінше, мұнда асық тек ойын үшін ғана емес, екі жылдан бері көмекші құрал ретінде пайдаланылып келеді.
-Ұлттық ойынның қай түрі болса да – салт-дәстүріміз бен болмысымыздың ажырамас бөлігі. Бұрынғы кезде қазақ балаларының ең қызықты ойыншығы осы асық болғаны анық. Бабаларымыз да мұның денсаулыққа пайдасы барын дәлелдеген. Біздің мекемеде асық ойнау үшін ғана емес, күнделікті сабақ үстінде көмекші құрал ретінде де қолданылады. Атап айтқанда, балалар ақ және қара түспен боялған асықпен дойбы ойнайды және сандарды алып-қосуды үйренеді, – дейді ол.

P.S: Өз кезегінде «Қазақстан-ZAMAN» халықаралық газетінің редакциясы бұл шарадан тыс қалмай, асық ату көшін республикамыздың өзге өңірлеріне абыроймен жеткізетіндігін айтқымыз келеді. Асығымыз алшысынан түссін!

Тілеуберді САХАБА,
Павлодар қаласы.