Елін сүйген – елі сүйген президент.
Бүгін біздің балабақшада ересек топтарында Қазақстан Республикасының Тұнғыш президент күніне арналған ертеңгілік өтті. Балалар әдемі безендірілген залға кіріп, педагогтармен бірге Қазақстан Республикасының әнұраның орындады.
Аталмыш мерекенің мақсаты: Отан туралы, Қ.Р. ел басы туралы білімдерін одан ары қарай дамыту, Отанға, президентке деген патриоттық сезімдерін тәрбиелеу болып табылады.
Ертеңгілік бойы балалар өлең жолдарын мәнерлеп оқып, ән шырқап, би билеп, ойын ойнады. Әр оқылған өлең жолында өз Отан үшін, өз халқы үшін, туған жері үшін деген сүйіспеншілікпен мақтаныш сезімдері көрініп тұрды.