«Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін және ұсақ қол моторикасын дамытудағы қағаз пластиканың мәні» атты қалалық семинар өтті.
Павлодар қаласының №35 сәбилер бақшасының базасында «Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін және ұсақ қол моторикасын дамытудағы қағаз пластиканың мәні» атты қалалық семинар өтті. Қалалық бақшалардың педагогтарына «Сиқырлы қағаз» атты бағдарлама бойынша бақшаның тәжірибесі ұсынылды. Тәрбиеші Валентина Усатенко вариативтік бағыты бойынша «Сиқырлы қағаз» атты бағдарламасын көрсетті. Оригами, квилинг, айрис-фолдинг, папье-маше, мозайка, торцевание сияқты қағазбен жұмыс жасау практикалық сабақтары өткізілді.
Семинардың тәжірибелік бөлігінде ұстаз Айгерім Достова ортаңғы топпен жұмыс үлгілерін көрсетті. Педагог Марина Степаненко ұстаздармен шеберлік-сыныбын өткізді. Ал бала бақшаның әдіскері Раушангүл Мұқышева семинар қатысушыларымен іскерлік ойын өткізді. Семинар қатысушылары іс-шара барысында қағазбен жұмыс жасау әдістерін меңгеріп, жаңа инновациялық технологиялармен танысты.