2019 жылы 22 ақпанда "Павлодар қаласының №35 сәбилер бақшасында"Жаңашылбасшының Тайм-менеджменті "тақырыбы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдары басшыларының семинары өткізілді.
Семинар жетекшісі және лекторы-"№35 сәбилер бақшасының" жетекшісі Аубакирова Гүлжауар Жанғалиқызы. Семинардың тыңдаушылары ретінде күндізгі бөлімде 10-нан астам мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары қатысты. Семинар барысында балабақша қызметін ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасыз ету, инновациялық қызмет мәселелері қарастырылды.Семинар аясында "басшылармен жұмыс істеу кезіндегі кейс-сатылар технологиясы"атты мастер-класс ұйымдастырылды.Семинар жобалық-аналитикалық семинар түрінде көрнекі презентациялармен, пікір таластармен өтті, онда әр қатысушы өзінің қызықтыратын сұрағын қойып, оған өзекті әрі сауатты жауап ала алды.