"Әкем,шешем және мен" спорттық сайысы

Балабақшамыздың дайындық топ балалары және олардың ата-аналарымен бірлескен топтық спорттық сайыс өтті.Сайыс отбасы мүшелері мен балалар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Топтың тәрбиешілері Ырым Амирбекова мен Аққу Жұмабековалар келген ата -аналар мен өз тәрбиеленушілерін "Торғай" және "Қарлығаш" шағын топтарына бөліп, сайысты тартысты өткізді.Сайыс соңында жеңімпаз болып "Торғай"тобы суырылып алдыға шықты.