Сенім телефоны
8(7182)533200
email: sad51@goo.edu.kz
Мекенжайы: Академик Сәтбаев көшесі, 13
8(7182)533200 - басшы 530759 - әдіскер 653285 - бухгалтер 533092 - медбике
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
09.00-18.00. Түскі үзіліс/Обеденный перерыв -13.00-14.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар
15-12-2021 18:24
Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар

Дәстүр бойынша балабақшада жыл сайын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған балалармен мерекелік іс-шаралар өткізіледі. Осы іс-шаралардың мақсаты балалардың бойында адамгершілік сезімдерін, өз Отанына, туған өлкесіне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру болып табылады. Тәуелсіздік күні ең басты мерекелердің бірі ретінде атап өтіледі, биыл ол ерекше, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы атап өтіледі. Балабақшада өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеу мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. Апта бойы балалармен әңгімелер жүргізілді, ұлттық ойындар ойнады, мерекелік ертеңгіліктер өткізілді, қолдан жасалған бұйымдар көрмесі ұйымдастырылды. Мерекеде балалар ептілікпен, тапқырлықпен жарысты, ән шырқады, Отан, туған өлке туралы өлеңдер оқыды. Сонымен қатар, 15 желтоқсанда "айтыс" бөбекжайының педагогтары арасында "Тәуелсіздік тұғыры биік"тақырыбында іс-шара өткізілді. Жарысқа балабақшаның музыкалық жетекшілері Ибраева А. А. және Садвакасова А. Т. қатысты.