№51 сәбилер бақшасында ересек және мектепалды топтарының тәрбиеленушілері арасында «Балалар кітапханасы» жобасын жүзеге асыру мақсатында «Мақал-сөздің азығы, жұмбақ-ойдың қазығы» атты сайыс өтті. Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ халқының ауызекі халық шығармашылығына қызығушылығын, бір-біріне деген толерантты көзқарасын тәрбиелеу. Балабақшаның мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілері мемлекеттік тілдегі мақал-мәтелдерді меңгеруден жарысып, жұмбақтардың шешімін тауып, өлең оқыды. Жарысқа әр жас тобынан 10 қатысушы қатысып, көрермендермен «Қамшыны ұста» қимыл-қозғалыс ойыны ойнатылды. Іс-шара балалар үшін қызықты әрі танымдық болды. Барлығы жақсы өнер көрсетіп, сайыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ретінде дипломдар алды. Мектепалды логопед тобының тәрбиеленушілері сайыскерлерге «Жігіттер» атты жалынды биін тарту етті.
«Мақал-сөздің азығы, жұмбақ-ойдың қазығы» сайысы