Халықаралық әйелдер күн мерекесіне арналған ертеңгіліктер.
1 наурыз күнінен бастап 7 наурызға дейін МҚКК «№ 51 сәби-бақшасында» 8 Наурыз Халықаралық Әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шаралар өткізілді. Әр топтағы ертеңгіліктер қызықты болып өтті. Балалар өз әжелері мен аналарына ұмытылмас концерт қойды. Тақпақтар, әндер, билер, ойындар, қызықты қойылымдар өте көп болды. Ертеңгіліктерге ата-аналар белсенді қатысты. Барлық мерекелік іс-шараларда нәзік жандарға көп жылы сөздер айтылды.
Балалар 8 Наурызға өте әдемі сыйлақтар әзірледі. Бір де бір ана сыйлықсыз қалған жоқ, әр бала анасына өз қолымен жасаған бұйымдар, ашық хаттар сыйлады.
Әр топтағы ертеңгіліктер қызықты және көңілді болып өтті. Ата-аналар мерекелік ертеңгіліктерге өте риза болды.