2018 жылғы 12 ақпан күні Павлодар қаласының №51 сәбилер бақшасында орыс және аралас тілінде жұмыс істейтін мектепке дейінгі мекемелер қазақ тілі мұғалімдердің «Қазақ тілі ұйымдастырылған іс-әрекетінде инновациялық технология элементтерін тиімді пайдалану» тақырыбына арналған оқу семинары болып өтті. Мемлекеттік тілді меңгеру үрдесінде кішкентай бүлдіршіндердің тілге деген қызығушылығын арттыру жұмысына қоса, бала бойында қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуде қазіргі замаңға сай жаңа инновациялық педагогикалық технологияларының тиімді және ұтымды түрлерін, жолдарын қолдану бағыты бойынша қазақ тілі мамандары өз тәжірибесімен бөлісті. Атап айтсақ, №51 сәбилер бақшаның қазақ тілі мұғалімі Э.Қ.Тұрғанбаева баланың меңгерген лексикалық қорын қолдана отырып, кез келген өтпелі тақырыбы бойынша білімін қайталауға, бекітуге, бір жүйеге келтіруге мүмкіндік беретін инновациялық ләпбук, Эйлер шеңбері әдіс-тәсілдерін қазақ тілі сабақ барысында қалайша қолдануға қатысушылар назарына көрсете алды. А.А.Тулеутемирова (№51 с/б қазақ тілі мұғалімі) өз баяндамасында қазақ ұлттық қозғалыс ойынның тақпақ-өлең мәтінін қолдана отырып, кіші жасар мектепке дейінгі баланын тілін сіңдыруымен қатар, ауызекі сөйлеу тілін дамытуға тырысады. Осылайша, Ж.Х.Мұстафина (№3 с/б), Қ.Қ.Жамбаева (№85 с/б), Г.Қ.Құдайбергенова (№104 с/б), М.Е.Муханова (№111 с/б), М.Е.Ахметбекова (№35 с/б) өз жұмысында үздік педагогикалық технологияларын шығармашылықпен қолдану барысындағы тапқыш идеялар, жаңа көзқарастан креативті түрінде тауып жасаған көрнекіліктер және тәжірибесімен бөлісті. Оның ішінде, қызықты да, тіл үйретуде көп функцияналды ретінде қолдануға өте тиімді болып кубиүй, киізүй, дыбысүй сияқты көрнекіліктер семинар қатысушылардың көңілінен шықты.
Қазақ тілі мұғалімдер семинары