Мамырдың 29 мен 31 аралығында «Қош бол, балабақша, сәлем, мектеп!» атты бақшамен қоштасу ертеңгіліктері өтті. Балалар бұл мейрамды асыға күтті. Міне, мерекеге орай безендірілген зал балаларды күтіп алды, салтанатты музыка ойнатылып, балабақша түлектері әдемі киініп ортаға шықты. Балалар тамаша концерт ұсынды, осы концертте үш тілде тақпақтар, әндер, рок-н-роллдан бастап, вальсқа дейін билер де болды. Балалар көңілді кейіпкерлермен ойын ойнап, көңіл көтерді. Түлектерді бақшамыздың ең кішкентай тәрбиеленушілері – бірінші кіші топтардың балалары құттықтады. Ертеңгілік соңында бақшамыздың басшысы Ж.К. Махметова құттықтау сөзін сөйлеп, түлектерге денсаулық, ақылды, мейірімді болып, бақшаны ешқашан ұмытпауды тіледі. Ата-аналар да бақша ұжымына көптеген жылы сөздерін білдірді. Тәрбиеленушілер ата-аналармен бірге өздері жақында отырғызған шетен ағашына түрлі-түсті тілек лентасын байлады.
ВЫПУСК - 2018