Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мәдениеті
Қазақтар- өте қонақжай адамдар. Егер сіз қазақ отбасына мүлдем күтпеген жерден қонаққа келсеңіз де, сізді құшақ жая қарсы алады. Қазақтарға бала күнінен үлкендер мен қонаққа деген құрмет, бейбітшілік пен шыдамдылық сияқты қағидаттар үйретіледі. Мұның бәрі - қазақ халқының дәстүрі мен салтының ерекшеліктері. Соның арқасында Қазақстан тарихында ешқандай айтарлықтай ұлттық және діни қақтығыстар белгіленбеген. Дәстүр бойынша әр қонаққа дастархан жайып, киіз үйдің төріне отырғызып, қазақтың ұлттық тағамынан ауыз тиюді ұсынады. Киіз үй Киіз үй – әйгілі «жылжымалы» үй, ыңғайлы әрі қолайлы, жергілікті жағдайлары мен өмір салтына сай келетін еуразиялық көшпенділердің ең біртуар өнертабыстарының бірі. Ол өте оңай құрылып жиналады (қазақ әйелі оны жарты сағатта жасай алады), атпен, түйемен жеңіл тасымалданады. Киіз үй үш басты элементтен тұрады: ұлғайтылмалы негізі тордан (кереге), күмбез (уық) және дөңгелек шыңы (шаңырақ). Ерте заманнан түркілер жылжымалы үйлерді жасаушы ең білікті өнертапқыштар ретінде танылған. Қазақтар әшекейлердің айналасында өмір сүреді. Әрбір киіз үй әр түрлі кестеленген әдемі ұлттық қабырға кілемдерімен безендірілген. Еңбек құралдары да сапалы ағаш, сүйек пен темірден жасалған. Бас киімдер, көйлектер, сөмкелер мен ат тоқымдарда әдемі кестеленіп тігілген. Қазақтар дәстүрлі өрнек ою өнерін қымыз (бие сүтінен жасалған сусын) ішетін ағаш тостақан, кесе, ожауларға қолданады. Тау текелерінің мүйіздері төсекті безендіргенде қолданылады. Теріден жасалған белдіктер, белдеулер және су мен қымызға құты (торсык) жасалады. Қазақ қолөнершілері – епті әрі шебер зергерлер. Қазақтың дәстүрлі қоңырауша сырғалары, ақ күмістен жасалған бірегей пішіндес білезіктер, мойын әшекейлері – мұның барлығы ешбір сәнқой қызды енжар қалдырмайды. Қазақтың ұлттық киімі Қазақстанның әр облыстарында ұлттық киімнің өз ерекшеліктері бар. Бірақ ол кей элементтерінде ғана білінеді: әдеміленуінде, оюы мен әшекейлерінде. Жалпы дәстүрлі қазақтың ұлттық ер адам киімі шапан (белбеуі бар қымбат барқыттан тігілген халат) мен бас киімі- жұмсақ тақия, биік қалпақ немесе түлкі терісінен жасалған тымақтан (малақай) тұрады. Әйел адамның ұлттық киімі ақ мақтадан немесе түсті жібек маталы көйлек, биік жібек орамалды қалпақ, барқыт желеткеден тұрады. Үлкен әйелдер ақ матадан жасалған өзіндік күлпәра-кимеше тағады. Қалыңдықтар қымбат әшекей мен қауырсыны бар биік бас киім – сәукеле киеді. Халықтық фольклор Қазақтар – ауыз әдебиетін аса қастерлеушілер. Олардың халық ақындары суырып салма айтыстарын ұйымдастырады. Ақындар суырып салма әндерді ұлттық музыкалық аспаптар: домбыра мен қобызбен сүйемелдей орындайды. Қазақтың ұлттық тағамдары Қазақтың ұлттық тағамдары халықтың өзін, оның тарихын, мәдениеті мен дәстүрін көрсетеді. Қонақжайлық қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан айқын сипаты болғандықтан, қонақтарға үнемі құрмет көрсетіліп, төрден орын берілген. Келген қонаққа алдымен қымыз –бие сүті, сүт өнімдері: шұбат-түйе сүті немесе айран – сиыр сүті ұсынылады. Шайға (сүтпен немесе қаймақпен) бауырсақтар- қайнаған майға піскен қамырдан жасалған нан, мейіз, ірімшік пен құрт (ірімшік пен сүзбеден жасалған) қойылады. Дастарханда шелпектер мен жылқы мен қой етінен басытқылар: қазы, шұжық, жал жая, қарта, қабырға қойылады. Қазақтың ең танымал тағамы – бесбармақ. Бұл ұлттық тағамдардың бірі. Бесбармақ қазақ тілінен аударғанда «бес саусақ» дегенді білдіреді. Бесбармақ қайнатылған еттен (жылқы, сиыр, қой және түйе етінен), сорпаға пісірілген кеспе наннан тұрады. Ет турау маңызы бар жора. Үй иесі қолынан дастарханда отырғандардың дәреже сатысы сақталып жамбас ет, жілік құрметті қарт адамдарға, төссүйек- ұлға, келінге, мойын омыртқа тұрмысқа шықпаған қыздарға т.б беріледі. Қойдың басын ең құрметті адамға беріп, ол адам барлық адамдарға таратады. Дәстүрге сай етті үлкен адамдар ауыз тиіп, содан кейін балалары, туыстары жейді. Қазақтың дәстүрлі бірінші тамағы сорпа - көкөністер мен дәмдеуіштерден құралған нәрлі етті сорпа. Сорпаны үлкен тостағандарға құйып береді. Сорпа ішкеннен кейін қымыз немесе шай беріледі. Қазақтың дәстүрлі тағамдары сүт тағамдарынан тұрады. Кейіннен бұл тізімге көкөніс, балық, жемістер,тәттілер,теңіз, нан өнімдері қосылды. Бүгінде Қазақстанда тұратын әртүрлі ұлт өкілдері: орыс, татар, украин, өзбек, ұйғыр, дүнген, неміс, корейлер бір дастархан басында жиналады. Ғасырлар бойы аталған ұлттар қазақ халқымен тату тұрып, күнделікті өмірлері мен мәдениетіне сіңіскен. Сондықтан қазіргі қазақ аспазханасында өзбек, ұйғыр, орыс, татар, корей ұлттарының ұлттық тағамдары кездеседі.