ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қалалық білім беру бөлімі

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің құзырында 102 білім беру мекемесі бар. Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2006/07 оқу жылының басында 48 мемлекеттік, оның ішінде 3 интернаттық мекеме, күндізгі және кешкі оқыту түріндегі 7 жеке меншік жалпы білім беру мектебінде – 36357 оқушы оқиды, мектепке дейінгі 36 ұйымда – 8729 бала тәрбие алады, мектептен тыс 9 мекемеде – 3870 оқушы түрлі салада өзінің сүйікті ісімен айналысады.

46 мемлекеттік жалпы білім беру ұйымдарының – 38-і орта, 4 негізгі, 4 бастауыш мектептер, сондай-ақ жаңа үлгідегі 3 мектеп (№ 9 гимназия-мектебі, № 16, 20 лицей-мектебі), инновациялық 7 мектеп (№ 7, 17, 36, 11, 39, 41, Стикс) және экспериментте жұмыс істейтін 5 мектеп (21, 24, 34, 35, 42) бар. Осы оқу жылынан бастап қазақ тілінде оқытатын № 19, 22, 24, 35; қазақ және орыс тілінде оқытатын № 42 мектепте гимназиялық сыынптар, № 39 мектепте неміс тілінде оқытатын гимназиялық сынып ашылды.

№ 1 және № 6 жалпы орта білім беру мектептерінде кешкі мектепте оқыту ұйымдастырылған.

6643 оқушы қазақ тілінде білім алады.

Мектепалды дайындық сыныптарында 232 мектепке дейінгі балалар оқиды.