Самал Оспанқызы Айтқазина 1977 жылы, Павлодар облысы, Май ауданы, Май ауылына қарасты, Еңбекші ауылында дүниеге келді.
1993 жылы Май орта мектебін тәмәмдады.
1993-1995 жылдар аралығында Павлодар педагогикалық институтының филология факультетін аяқтады.
1997-2000 жылдар аралығында Павлодар мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді.
2012-2015 жылдар аралығында Инновациялық Еуразия университетінде «Экономика және бизнес» бакалавры мамандығы бойынша білім алды.
2016-2018 жылдар аралығында Инновациялық Еуразия университетінде «Менеджмент» мамандығы бойынша білім алды. Экономика ғылымдарының магистрі.
Еңбек жолын 1995-1996 жылдары Май ауданы, Май орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастады.
1996-2000 жылдары Павлодар қаласының №37 жалпы орта білім беру мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
2000-2003 жылдары №8 лицей-мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
2003-2004 жылдары №8 лицей-мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
2004-2011 жылдары №8 лицей-мектебінде директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
2011-2015 жылдары Павлодар қаласының №25 жалпы орта білім беру мектебінің директоры.
2015-2018 жылдар аралығында Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінің директоры.
2018 жылдан қазіргі уақытқа дейін Павлодар қаласы білім беру бөлімінің басшысы қызметін атқаруда.