ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ата-аналарға арналған ақпарат

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамызда № 1119   қаулысымен бекітілген «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызметінің Стандартына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

Кривенко көшесі, 25, 115 каб. (1 қабат) білім беру бөлімінде:

·         демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;

·         қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады;

Орталыққа жүгінген жағдайда– мемлекеттік қызмет еңбек заңнамасы бойынша демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат                 9.00-ден 20.00-ге дейін түскі үзіліссіз көрсетіледі.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электронды кезек күту» тәртібімен жүзеге асырылады.

       Порталда – тәулік бойы.

Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы немесе оның өкілетті өкілі сенімхат бойынша мынадай құжаттарды тапсыруы қажет:

1) осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;

2) мемлекеттік қызметті алушының (заңды өкілдерінің бірінің) жеке басын куәландыратын құжат;

3) баланың туу туралы куәлігі;

4) жеңілдікті растайтын құжат (ол бар болса мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекке жолдама алу);

5) мекен-жайы туралы анықтама немесе тұратын жерін растайтын басқа да құжат.

Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар кейін мемлекеттік қызметті алушыға қайтарылады.

Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметті алу үшін барлық тиісті құжаттарды тапсыру кезінде мектепке дейінгі балалар ұйымына жолдама, мектепке дейінгі ұйымда орын болмаған жағдайда мемлекеттік қызметтің кезектілігі көрсетілген кезекке қойылғаны туралы туралы хабарлама беріледі.

Жаңа оқу жылына топтарды жасақтау жазғы кезеңде кезектін барынша ілгері жылжуы іске асады. Оқу жылында кезек тек қана бос орындар бар жерде жылжиды.

Бірінші кезекті орынға алуға құқылылар:

1) мүгедектердің балалары;

2) ата-ананың қамқорынсыз қалған балалар;

3) жетім балалар;

4) көп балалы отбасынан шыққан балалар;

5) соғысқа қатысқан және соғыс мүгедектеріне жеңілдік пен кепілдік берілген тұлғалардың балалары;

6) әскери адамдар

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында жас ерешеліктеріне сүйене отыра                1 қыркүйек жағдайына топтар жинақталады. Осыған байланысты, қыркүйек-желтоқсан айларында туылған балалар келесі жылда туылған балармен кезекте тіркеледі.

Мектепке дейінгі мекемелер секторы:32-80-35, 32-08-56, 32-07-61