Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
32-30-51
email: raduga96pvl@mail.ru
Адрес: Лермонтов к-сі, 97
32-73-06.32-33-86
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
часы работы: с 9.00 до 18.00, перерыв на обед: с 13.00 до 14.00 прием граждан: среда - с 16.00 до 19.00, пятница -с 8.00 до 11.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Ата-аналар үшін консультациясы

 

Ата-аналарға арналған кеңестер

  Балалардың бес пайызға жуығы дарынды немесе талантты болып туады, бұл отбасының табысына, ата-аналардың жасына және басқа жағдайларға байланысты ЕМЕС. Егер ондай бала үшін арнайы жағдай жасамаса, онда пайдаланылмаған қабілеттер нашар мінез-құлықта көрініс табуы мүмкін.

Дарында баланың бойында бір немесе бірнеше қасиет болады: - жақсы жады, әсіресе ұзақ уақыт есте сақтау; - сөздік қоры мол; - ұзақ уақыт зейін қоя алады; - ақпаратты жеңіл меңгереді; - өте аңғарғыш және білім құмар; - мәселелердің кең аясына тұрақты қызығушылық танытады; - өзгелер үшін мазасыздану қабілетін ерте көрсете бастайды; - кітаптарды жақсы көреді; - жігерлілік танытады; - өз істерін кемеліне жеткізуге жиі тырысады; - өзінен үлкен балалармен ойнағанды ұнатады; - табанды; - әзіл-оспақты түсіне біледі; - үйреншікті заттарды әдеттегідей, дәстүрлі қолданбайды; - көшбасшыға тән белгілерді көрсетеді және әлеуметтік дағдыларды меңгерген.  

Дарындылық деген не? Сирек кездесетін дарын немесе әлеуметтік ақиқат па? Дарынды балаларға қалай қарау керек? Олар арнайы зерделеуді, амал-тәсіл, тәрбиені қажет етеді ме? Олардың дамуы қалай жүреді?

Біз дарынды баланың дамуындағы негізгі ерекшеліктерді көрсетеміз. Дарындылықтың жас ерекшеліктері Адамның шығармашылық мүмкіндіктері өте ерте байқалады. Оның дамуының ең қарқынды кезеңі – 2-5 жас аралығы. Қабілеттердің алғашқы көрінісі қызметтің әр түрлі салаларына деген еңсерілмейтін, еріксіз талпыныста. Ендеше, шығармашылық қабілеттердің алғы шарттарын осы жерден іздеу керек. Дарынды балалар ерте жаста себеп-салдарлық байланыстарды аңғару және сәйкес қорытынды шығару қабілеттерімен ерекшеленеді. Олар, әсіресе, баламалы үлгілер және жүйелер құрумен әуестенеді. Бұл қабілет көптеген интуициялық өзгерістер (кезеңдерден аттап кету) негізінде жатыр. Білімге құмарлық және әлденеге деген ерекше қызығушылық әр адамның дамуындағы есептеу нүктесін құрайды. Бала зерттеулерінің саласын таңдау – маңызды кез және оны өткізіп алмау керек. Шығармашылық өсу нүктелерінің өрісі шексіз. Мұндай тұлғалық таңдау табиғатқа, өнер, ғылым, техника, спорт, мамандықтар әлеміне, әлеуметтік өмірге қатысты болуы мүмкін. Тағы бір есептеу нүктесі – ерекше талантты сипаттайтын жады, ол іріктеуші әрі тиімді. Өте жақсы жады ерте сөйлеу және абстрактілі ойлауға негізделеді. Дарынды балалар ақпарат пен тәжірибені саралау және пайымдау, жинақталған білімді кеңінен пайдалана білу қабілетімен ерекшеленеді. Олардың саралау және пайымдауға деген бейімділіктері сүйікті әуестік – коллекция жинау арқылы да көрінеді. Кішкентай “вундеркинд” сөздік қордың молдығымен, сұрақ қоя білумен ерекшеленеді. Олар сөздіктер мен энциклопедияларды сүйсіне оқиды, сөздерді, қиялдағы оқиғаларды ойлап шығарады, ақыл-ой қабілетінің белсенділігін талап ететін ойындарды ұнатады. Дарынды бала бір нәрсеге баса назар аудару, өзіне қызықты салада нәтижеге жету үшін табандылық танытуымен де көзге түседі. Дарвндв балалар үшін жеделдете танымдық даму тән. Қабылдау өрісінің кеңдігімен ерекшелене отырып, олар өздерін қоршаған әлемде болып жатқанның барлығын қатты сезінеді және қандай да бір заттың құрылысы өте қызықтырады. Олар бір уақытта бірнеше істі бақылауға қабілетті және айналадағының барлығын белсенді зерттеуге икемді. Олар құбылыстар мен заттар арасындағы байланысты қабылдауға және сәйкес қорытынды жасауға қабілетті; оларға өз қиялында баламалы жүйелерді шығару ұнайды. Мағыналық түсініксіздікті қабылдау, ұзақ уақыт бойы жоғары қабылдау деңгейін сақтау, күрделі, тіпті шешімі жоқ есептерді қызыға шығару қабілетімен қатар дарынды балалар өздеріне дайын жауапты айтып бергенді жек көреді.   Психологиялық әлеуметтік сезімталдық Дарынды балалар әділеттіліктің асқынған сезімін айқындайды; озық өнегелі даму қабылдау мен танымның жедел дамуына сүйенеді. Олар өзіне және айналасындағыларға жоғары талаптар қояды. Оларға эмоциялық теңгерім жетпейді, дарынды балалар ерте жаста шыдамсыз және албырт болады. Кейде оларға асқан үрей және аса сезімталдық тән келеді. Жиі дарынды балаларда өзін-өзі жағымсыз қабылдау дамып, қатарластарымен қарым-қатынас жасау қиындайды.   АТА-АНАЛАРДЫҢ БАЛА ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ҚАТЕЛІКТЕРІ Барлық ата-аналар балаларын өз икемдері мен өмірді түсіну шамаларына қарай тәрбиелейді, белгілі бір жағдайда басқаша емес, неге осылай жасағаны туралы сирек ойланады. Бұл ретте сүйікті балаңның іс-әрекеті ересектерді тығырыққа тірейтін сәттер әр отбасында болады. Сөйтіп ата-аналар ара-тұра қателіктер жібереді. Бірінші қателік. «Енді жақсы көрмеймін деу» Балаларының кез келген өтінішті даулайтынына ата-аналар жиі наразы болады. Олардың пікірі бойынша, балалар бұны қасақана жасайды және оларды парасаттылыққа шақыру орынсыз. Мұнда қорқыту да әрекет етпейді. Мұндай жағдайда көпшілігі «Егер мен қалағандай болмасағ, енді сені жақсы көрмеймін» дегендей өздерінің көзірлік картасын қолданады. Алайда бұлай қорқыту, әдетте тез ұмытылады. Балалар өтірікті жақсы сезеді. Ата-аналар бір рет алдап, баланың сенімімен ұзақ уақытқа айрылулары мүмкін – бала оларды өтірікші адамдар ретінде қабылдайтын болады. Дұрысы: «Мен сені бәрібір жақсы көретін боламын, бірақ бұл қылығыңды құптамаймын». Екінші қателік. «Немқұрайлылық» Ұлының не қызының еркелігінен шаршаған ата-аналар: «Не істесең, оны істе, маған бәрібір», дегенді жиі айтады. Балаға өз мәселелерін өзі шешуге үйренетін және ересек өмірге дайындалатын кез келгендіктен, қиналудың әрі күйгелектенудің қажеті жоқ деп, олар дауласпайды, дәйек іздемейді, ештеңені дәлелдемейді. Дегенмен ата-ана баласының немен айналысатыны бәрібір екендігін оған көрсетпеу керек. Олардың немқұрайлылығын сезе сала, ол бірден «қазіргінің» қаншалықты екендігін тексеруге кіріседі, еске сала кететіні тексеру алдымен жаман қылықтар жасаудан басталуы мүмкін. Бала жасаған қылығы үшін сын айтылама деп күтеді. Яғни, тұйықталған шеңбер. Одан да жасанды немқұрайлылықтан гөрі баланың мінез-құлығы ата-анаға еш ұнамаса да, онымен достық қатынас орнатуға тырысқан дұрыс. Мысалы, былай деуге болады: «Бұл мәселеде мен сенімен мүлдем келіспеймін. Бірақ көмектескім келеді, себебі мен сені жақсы көремін. Көмегім қажет болса, кез келген уақытта менен кеңес сұрай аласың». Үшінші қателік. «Тым қатал болу» Баламен сөйлескенде аналарымыз: «Сен менің айтқанымды орындауың керек, себебі үйде мен бастымын», - деп жиі айтып жатады. Балалар ерсектерді мүлтіксіз тыңдау керек – бұл тәрбиедегі ең басты қағида. Көптеген ата-аналар балаларға еркіндік беруге болмайды, әйтпесе олар мойныңа мініп алады деп санайды. Алайда балаға үнемі түсінікті бола бермейтін қағидаларға негізделген тым қатал тәрбиелеу жаттықтыруды еске салады. Мұндай жағдайда бала ата-анасының көзінше барлығын сөзсіз орындайды және олар қасында болмаған кезде саналы түрде барлық тыйымдар туралы ұмытады. Көзін жеткізу шамадан тыс қаталдықтан жақсырақ. Қажет болғанда балаға: «Сен қазір менің айтқанымдай жасайсың, ал кешке барлығын сабырмен талқылаймыз»,- деуге болады. Төртінші қателік. «Баланы еркелетіп өсіруге болмайды» Балалық шақ — қысқа кезең және де ол тамаша болу үшін балаларды көптеген қиынтықтан құтқару ата-ананың қолынан келеді. Балаңның ойын табу және кез келген тілегін орындау сондай ғанибет. Бірақ ерке балаларға өмірде өте қиын болады. Егер оларды ата-ананың махаббатына ғана бөлеп ұстаса, бұл көп мәселе туғызуы мүмкін. Сәбиінің жолындағы әр тасты тазарта отырып, ата-ана оны бақытты қылмайды. Қайта керісінше, ол өзінің дәрменсіздігі мен жалғыздығын жиі сезінеді. «Оны өзің жасап көр, егер қолыңнан келмей жатса, мен саған қуана көмектесемін»,- бұл қызыңа немесе ұлыңа деген дұрыс қарым-қатынас нұсқаларының бірі. Бесінші қателік. «Күштеп таңылған роль» «Менің балам — менің ең жақсы досым», — деп жатады кейбір әке-шеше. Олар үшін бала — өмірдің мәні, ол зерек, онымен барлығы жайлы сөйлесуге болады. Ол ата-анасын нағыз ересек адамша түсінеді. Иә, балалар ата-анасына ұнау үшін барлығын жасап жатады, себебі әкесі мен анасы – олар үшін жарық дүниедегі ең басты адамдар. Сәбилер тіпті ерсектердің күрделі әлеміне шомып кетуге дайын болады. Өкінішке орай, бұл ретте олардың өз мәселелері шешілмей қала береді. Алтыншы қателік. «Ақша» «Ақша көп болса, тәрбие жақсы», — дегенге сенімді кейбір ата-аналар. Алайда махаббатты ақшаға сатып алмайсың. Табысы жоғары емес отбасыларында бала ештеңеге мұқтаж болмас үшін ересектер барлығын жасайды. Егер ата-ана баланың кез келген тілегін орындай алмаса, ол үшін қиналмау керек. Махаббат, мейірім, бірге ойнау және бос уақытты бірге өткізу бала үшін ата-ана әмиянының ішіндегі ақшадан анағұрлым маңыздырақ. Әке-шешесінің ақшасы емес, олар үшін ең-ең жақсы бала екендігін сезіну оны бақытты қылады. Жетінші қателік. «Наполеондық жоспарлар» «Менің балам музыкамен (тенниспен, кескіндемемен) шұғылданатын болады, оның өз мүмкіндігін жіберіп алмауына жол бермеймін». Бұл баласын жақсы көретін ата-ананың, әсіресе балалық шағында балетпен айналысу, пианинода ойнауды үйрену немесе теннис ойнау мүмкіндігі болмағандардың арманы. Ата-ана болғаннан кейін олар балаларына ең жақсы білім беруді мақсат етеді. Баланың мұны онша қаламайтындығы оларды толғандырмайды. Ондай ата-аналар уақыты келгенде балалар ересектердің тырысқанын бағалайды деп сенеді. Өкінішке орай, бұлай бола бермейді. Ересектердің қиялындағы керемет болашақ баланың, мысалы, музыкамен айналысқысы келмейтіндігінен бұзылады. Ол ересектерді кішкентай кезінде тыңдайды, ал кейін... Ата-ананың сүйіспеншілігінен құтылғысы келгендіктен, қайшылықты өзіне таныс жолдармен – дөрекілік, үйден кетіп қалу, тіпті есірткі қабылдау сияқты тәсілдермен көрсете бастайды. Сондықтан баланың күн тәртібін қажетті және пайдалы істермен толтырғанда, жеке істеріне уақыт қалдыра отырып, оның қалауын ұмытпаған абзал. Сегізінші қателік. «Мейірімнің тым аздығы» «Сүю және басқа да мейірімділіктер бала үшін аса маңызды емес». Кейбір ата-аналар балалық шақтағы мейірімділіктер келешекте жеке өмірде қиындықтар туғызады деп және де құшақтау мен сүюден басқа қажетті, маңызды нәрселер бар деп есептейді. Алайда кез келген жастағы бала мейірімділікті қажет ететінін есте сақтау керек: бұл оларға өздерін сүйікті болып сезінуге көмектеседі, өзінің күшіне деген сенімділігін арттырады. Еркелету пейілі тек қана ата-аналардан ғана емес, балалар да еркелеуге ниет білдіру керек. Тоғызыншы қателік. «Сіздің көңіл-күйіңіз» Жұмыстағы келеңсіздіктер, отбасындағы нашар қарым-қатынас салдарынан ересектер жиі балаға ұрысып жатады. Көбі бұнда тұрған ештеңе жоқ деп ойлайды. Кейін баланы еркелетіп немесе көптен уәде берген ойыншығын алып берсе жеткілікті, сонда бәрі де өз қалыпында болады дегенге сенімді. Ересектер көңілсіз болған кезде балаға кейбір нәрселерді рұқсат етпейді, ал келесі күні көңіл күйі жақсарса болды дәл соған рұқсат береді, содан бала нені қалай істесем де бәрібір ең бастысы анамның көңіл-күйі қалай болатынында деп қорытынды шығарады. Бірақ ата-аналар егер өзін өзгерте алмаймын десе, онда баламен алдын ала: «Менің көңіл-күйім жақсы болғанда қалаған нәрсеңнің бәрін бірдей істей алмайсың. Ал көңіл-күйім жаман болса, маған мейірімділікпен қарауға тырыс» деп келісіп қойған жөн болады. Оныншы қателік. «Баланы тәрбиелеу үшін уақыт өте аз» Кейбір ата-аналар өз ұлына немесе қызына «Өкінішке орай, менің мүлдем уақытым жоқ», - дейді, олар қарапайым шындықты ұмытып кетеді – баланы дүниеге әкелдің бе, оған уақыт та таба білуің керек. Олай болмаған жағдайда бала бейтаныс адамдар арасынан жаны жақындарды іздейді де өз ата-аналарынан тез алшақтай бастайды. Олардың арасында түсініспеушілік, бөтендік, тіпті алауыздық та туындауы мүмкін. Әдетте бұндайды жою өте қиынға соғады. Ата-аналардың күні минутына дейін бос болмаса да, кешке жақын міндетті түрде жарты сағат болсын тауып (бұнда сапасы маңызды), баланың төсегінде отырып, онымен сөйлесу, қолыңның бос болмағанына қарамастан ол ата-анасының көмегі мен қолдануына қашан да болмасын сүйене алатынын еске салу қажет.

photo-main