email: sad50@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Ломов көшесі 149/1 үй
басшы - 8(7182) 201011, жалпы - 8(7182) 222707, бухгалтерия 8(7182) 220077
16-желтоқсан Қазақстан тарихында Тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. №50 сәбилер бақшасының ересектер "Б" тобының осы күнге арналған мерекелік ертеңгіліктері жоғары деңгейде өтіп, келген ата-аналар, қонақтар көп әсер алып ризашылықтарын білдірді. Кіршіксіз сәби жүректері "Отаным, Елім "деп соғып тұрғанда еліміздің болашағынан үлкен үміт күтеміз. Қазақ тобында қазақ тілін" білеміз, үйренеміз" деп келіп жүрген неміс, орыс балалары да Отаным деп елжіреп қазақ тілінде тақпақ, ән айтып, қаражорға биін де билеп берді. Егеменді халқымның болашағы бірлікте деп елімізді бірлікке , ынтымақтастыққа, достыққа шақыра отыра Мерекелеріңіз құтты болсын демекпіз! Мадина С.Ғ.