Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)548075
email: sad112@goo.edu.kz; @yasli_sad_112 on Instagram
Мекенжайы: Естай көшесі, 91/1
8(7182)548075 басшы, 8(7182)548076 вахта, 8(7182)548073 бухгалтерия
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 09.00- 13.00 Жұма 14.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар қаласының №112 сәбилер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар қаласының №112 сәбилер бақшасы»

коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

(мекен-жайы: Павлодар қ. Естай көшесі 91/1, тел.54-80-75, э/почта: sad112@goo.edu.kz)

24.10.2023 г.

 

Дене шынықтыру нұсқаушысы (1 жүктеме) және қазақ тілінде оқытатын тәрбиеші (1,25 жүктеме) бос лауазымдарына ашық конкурс жариялайды

Тәрбиешілердің бос лауазымдарына ашық конкурс жариялайды.

Конкурс ҚР БҒМ 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 "мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог лауазымына орналасуға конкурс өткізу тәртібі туралы" бұйрығының негізінде өткізіледі.

Байқаудың өтетін күні мен орны: Павлодар қаласы, Естай көшесі 91/1.

Байқау кезеңдері:

 1) Конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау;

2) конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидаттардан құжаттар қабылдау;

3) үміткерлердің құжаттарының педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларында бекітілген Біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау;

4) конкурстық комиссияның отырысы.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі мен орны: бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде бос лауазымға орналасуға арналған құжаттар Павлодар қаласы, Естай көшесі 91/1 мекенжайы бойынша «Павлодар қаласының №112 сәбилер бақшасы» КМҚК (электрондық пошта немесе қағаз тасымалдағышта) қабылданады.

 

Біліктілік талаптары:тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе тиісті бейін бойынша педагогикалық қайта даярлауды немесе техникалық және кәсіптік білім беруді растайтын құжат, жұмыс стажына талаптар қойылмайды;

Лауазымдық міндеттері.Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді, оларды тәрбиелеу мен оқытуда Денсаулық сақтау технологияларын қолданады.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына, жас тобының үлгілік оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады, пәндік-дамытушылық ортаны құрады, балалар қызметіне (ойын, танымдық, қозғалыс, бейнелеу, еңбек) басшылық етеді.

Балалармен жұмыс жасауда тұлғаға бағытталған тәсілді жүзеге асырады.

Дамуында ауытқулары бар балалармен түзету қызметі саласындағы мамандарға көмек көрсетеді, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік әдебиеттерді зерделеу негізінде және топ балаларының жеке білім алу қажеттіліктерін ескере отырып тәрбие-білім беру жұмысын жоспарлайды.

Қол жеткізілген нәтижелерді талдау негізінде білім беру қызметін жобалайды.

Мектепке түсу кезінде бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды және әдетте дамып келе жатқан балаларды бірлесіп тәрбиелеу және оқыту жағдайында әлеуметтендіруді жүзеге асырады.

Мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар әрбір балаға жеке қарауды қамтамасыз етеді.

Отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу негізінде үздік тәжірибелерді зерттеу, жалпылау, тарату және енгізумен айналысады.

Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық көмекті жүзеге асырады. Балалардың мүдделері мен құқықтарын қорғайды.

Білім беру процесінің барлық субъектілерінің, оның ішінде балалар отбасының қатысуымен ұйымда «Құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасын енгізеді.

Отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу жұмыстары, авторлық туындылар және олардың жұмыс процесінде қолданылуы негізінде жүзеге асырылады.

Компьютерлік сауаттылықты және ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті жақсы меңгерген.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 2)жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты жерін және байланыс телефондарын көрсете отырып – бар болса);

 4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; ;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

 6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

 7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) соттылығының жоқтығы туралы анықтама;

10) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

11) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары:8 (7182) 54-80-75, электрондық мекенжайы: sad112@goo.edu.kz