Телефон доверия
8 (7182)332660
email: sosh30@goo.edu.kz
Адрес: 140000 Павлодар қаласы Баян Батыр көшесі 27
Директор : 8(7182)332660 қабылдау бөлмесі: 8(7182)332662
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Күн сайын: 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Балбұлақ

Бүгінгі қоғамда білім саласын ақпараттандыру ерекше іргелі мәнге ие. Қазіргі мектепке қойылатын талаптар баршаға мәлім, бұл білімнің жаңа мазмұны, оқу процесіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кіріктіру; оқу әрекетінің белсенді түрлері, соның ішінде, жобалау, зерттеу әрекеттері, қашықтықтан оқыту формасы, жекелеу тұрғысы; педагогтің мектептегі жаңа ролі; жаңа сандық оқу құралдарын, электрондық медиатеканы қолдану; мектепті басқарудағы жаңа тұрғылар.

Бүгінгі күні педагогтер мен білім беру процесіне қатысушылардың желілік белсенділігі оқу жүйесін ақпараттандыру процесімен байланысты өзекті тақырыптардың бірі. Педагогтердің желілік қоғамдастығы – бұл желідегі кәсіби әрекетті ұйымдастырудың жаңа формасы, бұл желідегі бір пән саласы немесе ортақ проблемамен айналысатын кәсіби қызмет аясында жұмыс жасайтын мамандар тобы. Кәсіби желілік қоғамдастық жұмысына қатысу бір елдің түкпір-түкпірінде және шет елде тұратын мұғалімдерге өзара қарым-қатынас жасауға, кәсіби мәселелерді шешуге, өзін іске асыруға және кәсіби деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Желілік қоғамдастықтың мақсаттары әртүрлі:

  • бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру;
  • тәжірибемен алмасу, қолдау көрсету және ынтымақтастық;
  • нәтижелі педагогикалық практиканы тарату;
  • кәсіби тақырыптарда формальды және формальды емес қарым-қатынасты ұйымдастыру;
  • виртуальды өзара әрекеттесуге ынталандыру, одан кейінгі Интернеттен тыс өзара әрекеттесуге белсендендіру;
  • кәсіби деңгейін арттыру;
  • жаңа педагогикалық бастамаларға қолдау көрсету.

Желілік қоғамдастық мынадай мүмкіндіктерді береді:

  • жеке файлдарын орналастыру және қоғамдастық кітапханасындағы файлдарды пайдалану мүмкіндігі;
  • қарым-қатынас жасау мүмкіндігі (форум, чат, комментарий);
  • қашықтықтан оқыту;
  • байқауларға, акцияларға, жобаларға, талқылауларға қатысу;
  • жеке электрондық парақтарын (портфолио) жасау.