Сенім телефоны
8 (7182)332660
email: sosh30@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қаласы Баян Батыр көшесі 27
Директор : 8(7182)332660 қабылдау бөлмесі: 8(7182)332662
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Күн сайын: 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
Мектеп асханасындағы дәмді түстік ас үшін рахмет!
Голосовать
Тағамдарыңыз өте дәмді - 2
Всего проголосовало: 2
Смотреть результат
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Сұрағанов Құдайберген Мағзұмұлы

Сұрағанов Құдайберген Мағзұмұлы

1921 жылы 25 мамырда Павлодар облысы Қашыр ауданы Сұлуағаш аулында (Қазақстанда) туған. Әкесі – Сұрағанов Мағзұм (1901 ж. туған). Анасы-Бетимова Камила. Қызы – Сұрағанова Гүлмира (1948 ж. туған). Ұлы-Сұрағанов Серік (1951 ж. туған). Құдайбергеннің ата-анасы ерте қайтып, әжесінің қолында тәрбиеленді. Ол жасынан ерекше ұқыпты және жауапты болып өсті. 5 сыныпта оқып жүргенде радиодан Отанға артиллеристер қажеттігін естіп, ал артиллерист болу үшін математиканы жақсы білу керек еді. Сондықтан Құдайберген бір жылда 5,6 сыныптардың бағдарламасын меңгерді. Мектептен кейін Павлодардағы В.В.Воровский атындағы педагогикалық училищеге түсіп, оны үздік аяқтады. Негізгі орта мектепте физика және математика пәндерінен сабақ берді. 1940 жылдың қазан айында Құдайберген әскер қатарына шақырылды және Монғолиядағы взвод командирлерін даярлаушы 185 артиллериялық полкының оқыту батареясына жіберілді. Соғыс басында ол монғол-манжүр шекарасында әскери қызмет атқарды. Одан кейін Сталинград түбіне жіберілді. 1111 РГК артиллериялық полкінің оқ взводының 6-ші батарея командирі кіші лейтенант Сұрағанов 1942 жылдың шілдесінде Қалаштан батылырақ орналасқан Доннан өту өткелінде алғашқы ұрысына кірді. Одан кейін қорғану және қарсы шабыс ұрыстарына қатысты. 10 желтоқсанда Бекетовка ауданы аумағында Құдайберген жауға 20 снарядтай жіберіп, жаудың бетін қайтарды. Көрсетілген ерлігі мен тапқырлығы үшін Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды. Жанында жарылған мина жарқыншағынан Сұрағанов ауыр жарақаттанып, Энгельс қаласындағы госпитальде ұзақ 5 ай жатты.

Жазылып шыққаннан кейін 468 артиллериялық полкінің 5 батарея басшылығының взвод командирі болып тағайындалды. 1944 жылғы мамыр айында Сұрағановты 142 әскери артиллериялық бригадасының 3 дивизия 8 батареясының басшылық взвод командирі лауазымына жібереді. Белоруссия, Украинаның солтүстік аумағын, Польшаны жаудан босатты. Екінші Қызыл Орденмен марапатталды. 1945 жылдың 23 сәуірінде Сұрағановтың әскери қызметін атқарған дивизионы 33 әскерінің 49 атқыштар дивизиясының 222 атқыштар полкының 2 батальонымен бірге Одер өзенінің плацдармын жаулап алды. Қалың оқ жаяу әскерлерге бас көтертпеді. Көмекке танктер келді. Алайда ақырғы жаудың қорғаныс шекарасында шабуыл тұншықты: жаудың фаустпатрондары танктерді бірінен соң бірін қатардан шығарды. Ендігі үміт тек артиллерияға артылды. Сұрағанов перископ, телефон аппаратын, кабель катушкасын алып, еңбектеп, алдындағы катушканы итеріп отырып, жау траншеясына қарай бет алды. Дөнес жерге келіп шұңқырға тығылды, телефон аппаратын қосып, өзінің батарея командиры Ф.М.Чернобровкинге оқты бастау үшін координаталарын берді. Ол карта бойынша тұрған орнын нақтылап оқ ашудан бас тартты: «Сен немістерге жақын тұрсың. Бірінші снаряд сенің басыңа түседі!». Дивизион командирі В.Д.Корепанов та рұқсат бермеді. Сұрағанов артбригада командиры полковник Ламинмен қосуды ұсынды. Ол: «Құдайберген оқ атуды жақсы үйлестіреді. Мен оған сенемін»-деді. Рұқсат алынды. Батарея Сұрағановтан 6-7 шақырым жерде болатын. Батареяның әр қаруынан атып, траншеяны тазартып, содан кейін барып оқ ашты. Жаудың қорғаныс желісі бұзылды. Жауды басқан соң, Сұрағанов өз взводын шабуылға көтерді. Одер ұрысында көрсетілген ерлігі мен батылдығы үшін Сұрағанов Құдайберген Мағзұмұлына Кеңес батыры атағы берілді.

Соғыстан кейн 1946 жылдың ақпанына дейін ол Вышний Волочек пен Торжкіде және Германияда 60 гвардиялық артиллерия полкінің басқармасында взвод командирі ретінде әскери қызметін атқарды. 1947 жылдың наурыз айында Сұрағанов қызметтен босатылды. 1951 жылы ол Қазақ педагогикалық институтының физико-математикалық факультетін бітірді, одан кейін Қазақ мемлекеттік университетіндегі дифференциалдық теңдеулер кафедрасы аясындағы аспирантураны бітірді. 1954 жылдан 1955 жылға дейін дифференциалды теңдеулер кафедрасының лаборатория меңгерушісі болды. Одан кейін Қ.М. Сұрағанов Қазақ Қыздар педагогикалық институтында элементарлы математика кафедра ассистенті болды (1955-1956), аға оқытушы (1956-1976), доцент (1976-1978), математиканы оқыту әдістемесі мен геометрия кафедрасының меңгерушісі (1978-1988) болды. 1975 жылы ол «Мектепте дифференциалды теңдеулерді оқыту мәселелері» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады. «Өмір жолдары» кітабының қазақ тілінде авторы (1998). Қазақ Қыздар педагогикалық институтының ардагерлер Кеңесінің мүшесі.

Кеңес Одағының батыры Қ.М. Сұрағанов Ленин орденінің, Ұлы Отан соғысының 1 даңқ, екі Қызыл Жұлдыз ордендерінің, «Сталинградты қорғау» медалінің, «Варшаваны босату», «Берлинді алу» т.б. марапаттардың иегері. Алматыда тұрды.