Сенім телефоны
8 (7182)332660
email: sosh30@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қаласы Баян Батыр көшесі 27
Директор : 8(7182)332660 қабылдау бөлмесі: 8(7182)332662
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Күн сайын: 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
Спасибо за вкусный обед в школьной столовой!
Голосовать
Блюдо очень скусное! - 2
Всего проголосовало: 2
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Оқушылар қаламынан

pred087

Тәуелсіз елдің баласымыз бақытты .....

2Тәуелсіздік құтты болсын, халайық! Өлең айтып, жырдан шашу шашайық. Егеменді еліміздің төрінде, Масаттанып, ойнап асыр салайық!

№30 ЖОББМ

4 «А» сынып оқушысы

Зиявдин Тумара

Жасасын қазақ даласы! Бақытты болсын баласы. Елбасымыз аман боп, Көркейсін әр қаласы! Құттықтаймын елімді, Сүйемін туған жерімді!

4 «А» сынып оқушысы

Самиева Дильназ3

Көк аспандай жайдары, Желтоқсанның бұл күні. Тыныштық болып елімде, Жайнасын ту көгімде!

4 «А» сынып оқушысы

Жолдыбай Асқар

4 Тәуелсіз елім, Қазақстан! Президентім Нұрсұлтан. 25 жыл мерейтойды тойлаймыз, Азамат боп, ер жетіп, Қазақстанды қорғаймыз! Желбірейді көк байрақ, Таңбасы оның қыран құс. Сүйемін мен елімді, Сүйемін мен жерімді. Елім үшін аянбай, Төгемін мен терімді .

4 «А» сынып оқушысы

Кеңес Наурыз

Жиырма бес жылдық мерейтойды тойлаймыз, Елімізді жамандықтан қорғаймыз. Әрдайым кішіге ізет көрсетіп, Бабалардың өсиетін тыңдаймыз!

4 «А» сынып оқушысы

Дайырбек Асанали

Көк туына басымды мен иемін, Туған жерді, елімді мен сүйемін! Бақыт сыйлап, құрбан болған жандарға, Шын жүректен басымды мен иемін!

№30 ЖОББМ

4 «А» сынып оқушысы

Амангелді Фарида

«Еңсесі биік- егеменді ел!»

1

Барша қазақ жұрты, елі үшін айтулы мереке – тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын тойлағалы отыр. Тәуелсіздік алу- қиын жол екені бәрімізге мәлім. Бұл қазақ халқымыздың ғасырлар бойы көздеген арман-мұраттарының орындалуы.Тәуелсіз ел болу- барша адамзатқа рухани байлық, күш берді. Тәуелсіз мемлекет болғаннан бері мәдениетіміз, тіліміз артып , болашаққа зор үміт алдық. Қазіргі кезде біз болашағымызға аса зор сеніммен қарай алатын, өркениетті елміз. Елбасымыздың, халқымыздың арқасында қазіргі таңда, әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті елдер қатарында танылып отырмыз. Ал, еліміздің болашағы жас ұрпақтың қолында!

5

Осы орайда, мектебімізде мерекеге байланысты түрлі шаралар өтуде. Оқушылар өздерінің еліне деген сүйіспеншіліктерін шығарған өлеңдері, салған суреттері, айтқан әндері арқылы дәлелдеуде.

Біздің алға қойған мақсатымыз, келешек ұрпаққа сапалы білім беріп, елін, жерін қорғайтын , Қазақстан елінің мақтанышы болатын нағыз ұлтжанды азаматтар тәрбиелеу.

Павлодар қаласы

№30 ЖОББМ

бастауыш сынып мұғалімі

Роза Айтқалықызы Ысқақова

 

Тұңғыш президент күніне арналған оқушылар шығармашылығы

Елбасымыз Нұрағаны білеміз, Жарқын өмір, арайлы күн кешеміз. Елі менен жері үшін әрдайым, Еңбектеніп жүретінін білеміз!

4 «А» сынып оқушысы

Асембаева Арика

Елін, жерін сүйетін, Даналы ой түйетін. Елімізді қорғайды, Барша елді қолдайды.

4 «А» сынып оқушысы

Балтабаева Лаура

Құтты болсын айтулы күн, мереке Аман болсын, тыныш елде береке. Барша халық, президентіміз аман болсын, Қазақстан жұртына бақыт қонсын!

4 «А» сынып оқушысы

Жұмаш Азамат

Біздің президент елді қорғайды, Елдің қамын ойлайды. Ол өз елін сүйеді, Отаны үшін күйеді.

4 «А» сынып оқушысы

Зиявдин Тумара

    Президент күні болады, Біздің еліміз көпке толады. Аман болсын патшамыз, Қуанамыз баршамыз! Алда болсын еліміз, Тыныштық болсын жеріміз . Болашақты көреміз, Бақытты болып өсеміз.

4 «А» сынып оқушысы

Самиева Дильназ

Президент деген сұлтан, Бізде бар атамыз Нұрсұлтан. Президент күні бірінші желтоқсан, Атсын сол күні арайлы таң! Халқымызға тәуелсіздік әкелген Елімізге бақыт, молшылық берген Жүз жасасын біздің басшымыз! Тілектеспіз баршамыз !

4 «А» сынып оқушысы

Кудайбергенова Томирис

       

Елін сүйген-Елбасы!

Бірінші желтоқсан - Тұңғыш Президент күні. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті. Елбасын кішкентай баладан бастап, еңкейген қарт адамға дейін біледі.Елбасымыз еліміздің алға қойған мақсаты мен міндеттерін,жетістігін,халықтың сенімділігін басшылыққа ала отырып, көш бастап келеді.Отанымыз тыныш, көрші елдермен тату- тәтті өмір сүру үшін, аянбай еңбек етеді.

Биыл еліміздің тәуелсіздік алғанына жиырма бес жыл толғалы отыр.Осы орайда еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі шаралар өтуде. Оған біздің мектебіміз де қалыс қалмай, ат салысуда. Елбасымыз елдіміздің үмітін, сенімділігін алға бастап келеді, сондықтан да мемлекетіміздің әр азаматы болашаққа деген сенімділікпен өмір сүруде. Нұрсұлтан атамыз балалардың үлкен досы . Балаларға үлкен қамқорлық көрсетуде. Біз болашаққа сеніммен қараймыз, ал болашақ біздің қолымызда! Мен елімнің өркендеуіне, гүлденуіне өз үлесімді қоссам деймін.

Самиева Дильназ 4 А сынып оқушысы Павлодар қаласы № 30 ЖОББМ

Менің Президентім!

Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы. Біз осы елде, Павлодар қаласында тұрып жатқанымыз үшін бақыттымыз , әрі мақтан тұтамыз. Елімізде мен сияқты көптеген балалар білім алып жатыр.Мен төртінші сыныпта оқимын.Басқа балалар сияқты мен де өте жақсы оқуға тырысамын.Біздің осылай білім алып жүргеніміз еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың арқасы. Себебі, бізге білім алу үшін барлық жағдай жасалған. Біз әлі бастауыш сынып оқушысы болсақ та, көрші елдерде болып жатқан түрлі оқиғаларды, қиын жағдайларды теледидардан көріп, естіп жүреміз. Ал біздің елімізде тыныштықтың болуы Президентіміздің арқасы деп білеміз. Елімізде жүз отыздан астам ұлт тату- тәтті өмір сүруде. Бірінші желтоқсан -Тұңғыш Президент күні болып аталып өтілуде. Біздің сыныптың оқушылары, сынып жетекшімізбен бірге осы айтулы мерекеге байланысты түрлі жұмыстар, яғни өлеңдер шығарып, суреттер салдық .

Біз, Қазақстанның болашағы,нағыз бейбіт өмір сүрудеміз . Себебі , Нұрсұлтан атамыз еліміздің келешек ұрпақтарына аса көңіл бөлуде. Біздің қаламызда Назарбаев зияткерлік мектебі бар.Онда дарынды, ойшыл, талантты оқушылар білім алады.Келешекте бұл мектептің оқушысы атану біздің де арманымыз. Елбасымыз: «Еліңнің патриоты бол!» дейді.Ендеше, біз де еліміздің өркендеуіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосамыз.Біз әрдайым Елбасымен бірге бақыттымыз!

 

Балтабаева Лаура 4 А сынып оқушысы Павлодар қаласы № 30 ЖОББМ

Қара Ертіс

Қара Ертіс Қытайдан басталады,

Талай жер Қара Ертістен нәр алады.

Жаздыкүні қуандырып әрбір жанды,

Шомылдырар жағалауда бар баланы.

Көп еді Қара Ертістің балығы да,

Қатты еді Қара Ертістің ағыны да,

Талай жандар барады сол Ертіске

Сырласып сол ертіспен шағып мұң да.

Ертісім! Қабыл ал осы өлеңді,

Қабыл ал осы мәнді әнімді де.

Жаһанда сен айтатын терең сырды

Ұмытпас адамзат та мәңгілікке!

Нұрқайдарова Диана, 7а сыныбы

Сүйікті қалам,

Әсем қалам,бай қалам.

Мен өзіңмен әрқашанда мақтанам.

Келді міне мереке,

Орны әркез ерекше.

Шаттандырған әлемді,

Құтты болсын мереке!!!

Аталардың көзінен,

Нұр шашылған жүзінен.

Құттықтаймыз сіздерді,

Мерейі үстем күнімен!!!

Ахмет Диляра, 5а сыныбы