Сенім телефоны
8 (7182)332660
email: sosh30@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қаласы Баян Батыр көшесі 27
Директор : 8(7182)332660 қабылдау бөлмесі: 8(7182)332662
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Күн сайын: 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мектепішілік «Балбұлақ» деңгейлік курс
photo-mainphoto-mainphoto-mainphoto-mainphoto-mainphoto-mainphoto-main

АТҚР жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша курстың бірінші бетпе-бет кезеңін аяқтап оралған Мектеп басшысы Ажар Төкенқызы мектептегі тәжірибе кезеңінің алғашқы кезеңі - Мектепішілік «Балбұлақ» деңгейлік курс бітірген мұғалімдер қоғамдастығымен кездесуге дайындық үстінде.

 

МЕКТЕПТЕГІ ТӘЖІРИБЕ КЕЗЕҢІНІҢ 1-КҮНІ.

Мектепішілік "Балбұлақ" қоғамдастығы мен мектеп әкімшілігі бірлескен ауызша бетпе-бет талқылар арқылы сауалнамада мәліметтердің не үшін жиналғандығын қарастырдық. Отырыс барысында оқушы, ата-ана, персонал тарапынан алынған мәліметтер талқыланып, сауалнамаға қатысқан әрбір респондент жауаптарының жалпы мектептегі оқыту мен оқу тәжірибесін дамыту үдерісінің маңызды элемент екендігіне көз жеткіздік. IMAG2901 Сауалнаманың неге алынғанын, онымен әрі қарайғы жұмыс ретін айқындағаннан кейін қоғамдастық мүшелері ұжымға шығу жолдарын қарастырды. 26.04.16 ұжыммен аталмыш мәселені коучинг түрінде зерделеу шешіліп, оның жоспары құрылып, жауапты көшбасшы айқындалды.

IMAG2905

МЕКТЕПТЕГІ ТӘЖІРИБЕ КЕЗЕҢІНІҢ 2-КҮНІ.

Мектепті дамыту жоспарына негіз болатын мектептің оқу мен оқытудағы бүгінгі хал-ахуалын сараптау бойынша «Балбұлақ» қоғамдастығының мүшесі, ІІ деңгей бағдарламасын тәмамдаған, мектеп басшысының тәлімгерлігіндегі тарих мұғалімі Б.Б.Накупова коучинг-сессия өткізді.

Мақсаты: Мектептің педагогикалық ұжымының сараптауымен курсалды алынған сауалнамалардың қорытындысынан мектептің даму жоспарына енгізілетін басымдылықты айқындау және МДЖ өзгерістер енгізу.

АТ2 «Technology in Education» бейне фильмімен ой қозғалды. Әр топ спикерлері ХХІ ғасырдағы болып жатқан және болатын әлемдік өзгерістердің білім беру саласынан бастау алу керектігін атады.АТ3 Топтағы жұмыста «Алтын ережеге» сүйене отырып, ата-ана, оқушы, мектеп персоналынан алынған сауалнама егжей-тегжейлі зерделенді, нәтижесін топ спикерлерінің қорғауынан көрдік.АТ4 2 жұлдыз, бір тілек барысында көптеген қызықты талқылаулар орын алды. Мектеп мұғалімдері өздігінен басымдылықтарды айқындағандарына және ол басымдылықтардың менің бірінші бетпе-бет барысында жасаған сараптама жұмысымның қорытынды презентациясындағы мәліметтермен сәйкес келгеніне тәнті болды.АТ5 Бұл мәселені шешу үшін не істеуіміз керек? Нені өзгертеміз? Қалай өзгертеміз? Кім өзгертеді? Деген бірқатар сұрақтар аясында ой толғаныс болды. Коучинг-сессияның соңында «Қаздардың сабағы» бейне ролигі педагогтар ұжымын қатты толғандырды. Бөлінген көшбасшылықтың рөлі айқындалды.

АТ6 АТ7 АТ8

МЕКТЕПТЕГІ ТӘЖІРИБЕ КЕЗЕҢІНІҢ 3-КҮНІ

Педагог мамандардың оқу тәжірибесін жақсарту үшін үздіксіз дамуына қолайлы жағдай жасау, қамтамасыз ету, бөлінген көшбасшылықты іске асыру мақсатында өткізілетін жеті модульді қамтитын «Сапалы оқыту» коучингі барысы «Балбұлақ» қоғамдастығы және тәлім алушы ұстаздармен талқыланып, жоспар құрылды. АТ9 АТ10Алғашқы Қа­лай оқу ке­рек­ті­гін үй­ре­ну, Сы­нып­та­ғы диалогтік оқыту модулі бойынша Накупова Б.Б бақылауымен ІІІ деңгей курсын тәмамдаған денешынықтыру пәні мұғалімі Б.Ш.Машимов көшбасшылық етіп мектеп ұжымына ұсынады.АТ11

МЕКТЕПТЕГІ ТӘЖІРИБЕ КЕЗЕҢІНІҢ 4-КҮНІ.

Д42Д47Бүгін ІІІ деңгейлі денешынықтыру мұғалімі Бауыржан Машимов оқу мен оқытудың жаңа әдістері бойынша коучинг өткізді. Алдыңғы өткен коучинг-сессияға кері байланыста әріптестер олқылық болған бағалау критерийін шығарды. Шығу парағында ұжым атқарылып жатқан іс-шараларды, енгізіліп жатқан өзгерістерді қолдайтындарын атап өтумен қатар мектептің даму жоспарына енгізуге жасаған ұсыныстар қарастырылды және ескерілді (МЖД жобасы зерделенді).

Д43 Д45

Бауыржан Машимов коучингті қатысушыларды көңілді жаттығу орындатып, сергітіп, көңілдерін көтеріп алғаннан кейін топқа бөлуден бастады. Оқуды үйрету мен диалогтік оқытуды жаңа әдістермен (диалог түрінде, мектептегі жағдаятты инсценировкамен топтардың шығармашылықпен) меңгеру тиімді де қызықты болды. Мұндай жұмыс түрлері кәсіби нығаюды да, ұжымның ынтымақтастығын арттыруды да қамтамасыз етеді.

Д4 Д41