Кітапхана жаңалықтары
Жаңа оқу жылына дайындық: Жазғы каникул күндері мектеп кітапханасында жаңа оқу жылына дайындық қызу жүргізілді. Кітапхана белсенділері кітап қорын жаңа оқулықтарды қабылдауға дайындады.
Кітапханамен танысу: Бірінші сынып оқушылары кітапхана табалдырығынан алғаш аттады. Олар мектеп кітапханашысымен, кітапхана талаптары мен ережелерімен танысты. Балапан бүлдіршіндер үшін «Менің бірінші кітаптарым» атты көрме ұйымдастырылды.
Кітапхана белсенділері: Мектеп оқушылары кітаптар мен оқулықтарын сақтау мақсатында, кітапхана белсенділері сыныптар бойынша рейд жүргізді.
Қазақстан халықтарының 20-жылдығына арналған, «Тату отбасы» атты іс-шарасы: Біздің кітапханада Қазақстан халықтарының 20-жылдығына арналған, «Тату отбасы» атты іс-шара өтті.
Күзгі демалыс: Күзгі демалыс кезінде оқушылар кітапханада өткен іс-шараларға белсенді қатысты. Олар білімдерін көрсетіп, танымдарын кеңейту үшін «Ертегілер әлемінде», «АВС» ойындары, «Кітапты тап», «Балалар кітабының парақтары» сайыстары, викториналар өтті.
"Бір ел-бір кітап" науқаны
Тұңғыш Президент күні 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президент күні. Бұл мерекеге орай кітапханада өткен іс-шарада 8 сынып оқушылары ҚР Тұңғыш Президентінің өмірлік жолымен танысты. Кітапханада Қазақстан Президенті, оның еңбектері туралы «Қазақстанның Тұңғыш Президенті» атты кітап көрмесі ресімделген.
Президентінің халыққа жолдауы Мектеп ұжымында Қазақстан Президентінің халыққа жолдауы тыңдалып, белсенділікпен талқыланды.

Жердегі өмір үшін
Мектебіміздің кітапханасында 7 "Б" сынып оқушыларымен "Біз ешқашан ұмытпаймыз, біз мақтан етеміз" атты сыныптан тыс іс-шарасы өтті. Іс-шара кезінде оқушылар "Жердегі өмір үшін" атты кітаптар көрмесімен таныстырылды. Бұл шараның басты мақсаты оқушыларда Ұлы Отан соғысының тарихы жайлы әдебиеттерге қызығушылығын арттыру. Оқушылар көрмеде ұсынылған кітаптар туралы, авторлар туралы көп ақпарат алды.