Сенім телефоны
8 (7182)332662
email: pavlschool30@mail.ru
Мекенжайы: 140000 Павлодар қаласы Баян Батыр көшесі 27
Директор : 8(7182)332660 қабылдау бөлмесі: 8(7182)332662
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Күн сайын: 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
Мектеп асханасындағы дәмді түстік ас үшін рахмет!
Голосовать
Тағамдарыңыз өте дәмді - 0
Всего проголосовало: 0
Смотреть результат
Бір жылда2337022
Бір айда192166
Бір аптада41476
Кеше7766
Тәулік1604
Шылым шегудің зияны

     

Темекінің  құрамында  өте  улы  зат-никотин  бар.  Шылым  шеккенде  адам  ауамен  бірге  темекінің  де  түтінін  жұтады.  

       Шылымның күніне  жиырмасын  тартқан  адам  90мл  шамасында  никотин  жұтады.  Алғаш  рет  темекі  тартқанда  адам  уланады,  басы  айналады,  жүрегі  қағады,  құсады,  қол-аяғы  дірілдейді.

    Темекі тыныс  алу  мүшелерінің  сілекейлі  қабықшасын  тітіркендіріп,  оны  қабындырады.  Сөйтіп  қорғаныш  туғызатын  қасиеті  нашарлаған  сілекейлі  қабықша  арқылы  ауру  туғызатын  микробтар  енеді.

   Сондықтан темекі  шегетін  адамдар  көбінесе  суық  тиіп,  тағы  басқа  ауруларға  тез  шалдығады.

    Темекінің түтіні  өкпе  тарамдары  мен  тыныс  жолдарын  бітеп,  түрлі  ауруларға  шалдықтырады. Никотин қан  тамыршаларын  тарылтады.  Бұл  ауа  ауруына  және  өкпе  ауруларына  шалдықтырады,  өкпедегі  аурумен  ауырғандардың 97 пайызы  шылым  шегетіндер.  

    Неғұрлым  адам  өте  ерте  бала  кезінен  шылым  шегумен  айналысса, соғұрлым  пәле  ауруына  жиі  шалдығады. Мұндай жағдайда ағзаны  оттегімен  қамтамасыз  ету  мүмкін  емес,  газ  алмасу  бұзылады  да  өкпеде  ауру  туғызатын  микроптарға,  яғни  туберкулез  таяқшаларына  қолайлы  жағдайлар  туады. Темекі  түтінінде  радиоактивті  заттар болады.  Күніне  бір  қорап  шылым тартқан  адамдар  мөлшерден  артық  3,5  сәулеленуге  ұшырайды. Темекіден  ауаға 720   тонна  күкірт  қышқылы, 384     мың тонна  аммиак, 180000       тонна  никотин, 600000        тонна  темекі  майы, 550000 тоннадан  астам  иісті  газ  шығады.

     Денсаулықты  сақтау  үшін  таза  ауамен  тыныс  алу  керек.  Адам  бір  рет  тыныс  алғанда 500  мл  ауа  жұтады.  Егер  ол  минутына 16-18  рет  тыныс  алса, онда  ол 800-900 мл  ауаны  тыныс  мүшелерінен  өткізіп,  оттегін  өкпе  арқылы  қанға  өткізеді. Тыныс  алу  мүшелері  ауруларының  алдын  алу  үшін  бөлменің  ауасын  таза  ұстап, жеке   басының  тазалығын  және  науқастармен  қарым-қатынас  жасау  ережелерін  сақтап,  денені  шынықтыру  қажет.