Темекінің құрамында өте улы зат-никотин бар. Шылым шеккенде адам ауамен бірге темекінің де түтінін жұтады.
Шылымның күніне жиырмасын тартқан адам 90мл шамасында никотин жұтады. Алғаш рет темекі тартқанда адам уланады, басы айналады, жүрегі қағады, құсады, қол-аяғы дірілдейді.
Темекі тыныс алу мүшелерінің сілекейлі қабықшасын тітіркендіріп, оны қабындырады. Сөйтіп қорғаныш туғызатын қасиеті нашарлаған сілекейлі қабықша арқылы ауру туғызатын микробтар енеді.
Сондықтан темекі шегетін адамдар көбінесе суық тиіп, тағы басқа ауруларға тез шалдығады.
Темекінің түтіні өкпе тарамдары мен тыныс жолдарын бітеп, түрлі ауруларға шалдықтырады. Никотин қан тамыршаларын тарылтады. Бұл ауа ауруына және өкпе ауруларына шалдықтырады, өкпедегі аурумен ауырғандардың 97 пайызы шылым шегетіндер.
Неғұрлым адам өте ерте бала кезінен шылым шегумен айналысса, соғұрлым пәле ауруына жиі шалдығады. Мұндай жағдайда ағзаны оттегімен қамтамасыз ету мүмкін емес, газ алмасу бұзылады да өкпеде ауру туғызатын микроптарға, яғни туберкулез таяқшаларына қолайлы жағдайлар туады. Темекі түтінінде радиоактивті заттар болады. Күніне бір қорап шылым тартқан адамдар мөлшерден артық 3,5 сәулеленуге ұшырайды. Темекіден ауаға 720 тонна күкірт қышқылы, 384 мың тонна аммиак, 180000 тонна никотин, 600000 тонна темекі майы, 550000 тоннадан астам иісті газ шығады.
Денсаулықты сақтау үшін таза ауамен тыныс алу керек. Адам бір рет тыныс алғанда 500 мл ауа жұтады. Егер ол минутына 16-18 рет тыныс алса, онда ол 800-900 мл ауаны тыныс мүшелерінен өткізіп, оттегін өкпе арқылы қанға өткізеді. Тыныс алу мүшелері ауруларының алдын алу үшін бөлменің ауасын таза ұстап, жеке басының тазалығын және науқастармен қарым-қатынас жасау ережелерін сақтап, денені шынықтыру қажет.