Сенім телефоны
8 (7182)332662
email: pavlschool30@mail.ru
Мекенжайы: 140000 Павлодар қаласы Баян Батыр көшесі 27
Директор : 8(7182)332660 қабылдау бөлмесі: 8(7182)332662
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Күн сайын: 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
Бір жылда2337557
Бір айда192701
Бір аптада42011
Кеше7766
Тәулік2139
Жол жүру ережелері

 

      Жаяу жүргіншілер тротуармен немесе жаяу жүргіншілерге арналған жолдармен, ал олар болмаған жағдайда, жол жиегімен қозғалуы тиіс.

  Егер көлемі үлкен заттарды көтеріп келе жатқан жаяу жүргіншілер, сондай-ақ қозғалтқышы жоқ мүгедектер, арбасымен келе жатқан адамдар тротуармен немесе жол жиегімен жүрген кезде басқа жаяу жүргіншілер үшін кедергі келтіретін болса, жолдың жүргін бөлігінің жиегімен ( көлік жүретін бөліктің ішкі шетін бойлай-бөлу жол жолақтары бар жолдарда) қозғалуына болады.

     Тротуарлар, жаяу жүргіншілерге арналған жол немесе жолдың жиегі болмағанда, сондай-ақ олармен қозғалу мүмкін болмаған жағдайда, жаяу жүргіншілер велосипед жолымен немесе көлік жүретін бөліктің шетімен ( көлік жүретін бөліктің ішкі шетін бойлай-бөлу жол жолақтары бар жолдарда) бір қатарда қозғалуларына болады.

   Елді мекендерден тыс жерлерде жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөлігімен қозғалған кезде көліктердің қозғалысына қарсы бағытта жүруі тиіс.

    Көлік жүретін бөліктің шетімен қозғалтқышы жоқ мүгедектер арбасында келе жатқан, мотоцикл, мопед, велосипед жүргізуші адамдар көлік құралдары қозғалысының бағытында жолдың оң жағымен жүруі тиіс. 

  Көлік жүретін бөлікпен қозғалатын ұйымдасқан жаяу жүргіншілер колоннасына көліктердің қозғалысы бағытында оң жақпен, қатары төрт адамнан артық емес жағдайда қозғалуға рұқсат етіледі. Колоннаның алдынан және артынан сол жағымен қызыл жалауша ұстап, тәуліктің қараңғы уақытында және жеткіліксіз көріну жағдайында- алдында ақ түсі, артта қызыл түсі жағулы фонарьмен жүруі тиіс.                                                             

      Балалар тобын тек қана тротуармен және жаяу жүргіншілерге  арналған жолмен, ал олар жоқ болған жағдайда - жол жиегімен, бірақ тәуліктің жарық уақытында және ерексектердің бастауымен алып жүруге рұқсат етіледі.         

   Жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөлікті жаяу жүргіншілерге арналған, оның ішінде жерасты және жерүсті өтпелерінен, ал олар болмағанда - қиылыстардан, тротуарлар мен жол жағалауы сызығы бойымен кесіп өтуі тиіс.            

         Көру аймағында өтпе немесе жол қиылысы болмағанда, көлік жүретін бөліктің  шетіне, екі жақтан да жақсы көрінетін жерден тік бұрыш жасап жолды кесіп өтуге болады. Елді мекенде көлік жүретін бөлікті бөлу жол жолағы болған кезде, сондай-ақ жол қоршаулары орнатылған жерлерде жаяу жүргіншілерге жолды кесіп өтуге тыйым салынады.          

    Қозғалыс реттеліп тұратын жерлерде, жаяу жүргінші, реттеушінің сигналын, ал ол болмағанда – көлік бағдаршамын басшылыққа алады.                          

     Реттелмейтін жаяу жүргіншілер өтпелерінен, жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөлікке жақындап қалған көлікпен арақашықтықты, оның жылдамдығын шамалап және кесіп өту олар үшін қауіпсіз екендігіне көз жеткізгеннен кейін шығуына болады. Көлік жүретін бөлікті жаяу жүргіншіге арналған өтпеден тыс жерлерден кесіп өту кезінде жаяу жүргіншілер, бұдан басқа көлік үшін кедергі келтірмеуі және жақындап қалған көлік үшін кедергі келтірмеуі, жақындап қалған көліктің жоқтығына көз жеткізбейінше тоқтап тұрған көліктің немесе көрінуді шектейтін өзге кедергінің тасасынан шықпауы тиіс.

     Көлік жүретін бөлікке шыққаннан кейін жаяу жүргінші, егер бұл, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты болмаса, кідірмеуі немесе аялдамауы тиіс. Жолды кесіп өтуге үлгермеген жаяу жүргінші қарама-қарсы бағыттағы көлік легін бөлетін сызықта аялдауы керек. Әрі қарай қозғалыстың қауіпсіз екендігіне көз жеткізгеннен кейін реттеушінің сигналын ескеріп, жолдан өтуді жалғастыруға болады. 

      Жарқылдайтын көк шамы бар және арнайы дыбыс сигналы іске қосулы көлік жақындаған кезде, жаяу жүргіншілер жолдан өтпей тұра тұрады, ал жол үстіндегілер осы көлікке жол беруі және мүмкіндігіне қарай көлік жүретін бөлікті босатуы тиіс.

       Маршруттық көлік пен такси көлігі жүретін бөлікке қарағанда биігірек тұрған отырғызу алаңдарында, ал жоқ болған жағдайда – тротуарда немесе жол жағасында тұрып күтуге рұқсат етіледі. Биігірек отырғызу алаңдарымен жабдықталмаған аялдама пункттерінде көлікке отыру үшін көлік кідірместен алаңды босату керек.