Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 (7182)332660
email: sosh30@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қаласы Баян Батыр көшесі 27
Директор : 8(7182)332660 қабылдау бөлмесі: 8(7182)332662
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Күн сайын: 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
Спасибо за вкусный обед в школьной столовой!
Голосовать
Мед как лекарство - 1
От имени родителей, Спасибо за вкусное и бесплатное горячее питание! - 1
Блюдо очень скусное! - 0
Всего проголосовало: 2
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ЕТ кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережелері

 

Қауіпсіздікке қойылатын жалпы талаптарға мыналар жатады:

1.     Сымдарды, жалғауыш сымдарды, розеткаларды, штекерлерді қозғауға; жабдықты мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады.

2.     Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерлік сыныпқа кіруге және одан шығуға болмайды.

3.     Мұғалімнің рұқсатынсыз сынып ішінде жүруге болмайды.

4.     ДК-де ылғалды қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды.

5.     Қорабы немесе сымдары зақымданған ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады.

6.     ДК-мен қатар үстел үстіне портфель, сөмке, кітап қоюға тыйым салынады. Үстел үстінде тек қалам мен дәптер ғана жатуы тиіс.

7.     Пернетақта үстіне ештеңе қоюға болмайды.

8.     Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жұмыс істеп отырған оқушылардың көңілін алаңдатуға, басқа жұмыспен айналысуға болмайды.

ДК-де жұмыс істеу үшін қауіпсіздік талаптары:

1.      Қоректендіру көзіне қосылған ДК-ні мұқият қарап, оңашалануының және компьютер корпусы мен сымдарының  ақауы жоқ екеніне көз жеткізу керек.

2.      Сымдары жұмыс кезінде байқаусызда  ілініп кететіндей болып, салбырап тұрмағанына көңіл аудару керек.

3.      Жұмыс орнын тексеру және пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керектігін ескеру керек.

ДК жұмысы кезіндегі қауіпсіздік талаптары:

1.     ЭЕМ жұмысы кезінде көздің экраннан оңтайлы арақашықтығын (60-70 см) сақтау қажет. Жұмыс істеуге ыңғайлы, тиімді  қашықтық – 50 см.

2.     Сыныпқа сырттан кірген мұғалімдер мен үлкен кісілерге оқушылардың  тұруының қажеті жоқ.

3.     Көздің талуы немесе шаршауы  жағдайында  оқушылар орнынан тұрмай-ақ көздің талуын немесе шаршауын басатын бірнеше  жаттығу орындауына болады.

4.     Оқушылар электр тогымен зақымдану кезінде алғашқы медициналық  көмек көрсету  тәсілдерін, өртсөндіргішпен  жұмыс істеу тәсілдерін  және өрт сөндіру  тәсілдерін білуі тиіс.

5.     Оқушылар көздің талуы және шаршауын  болдырмайтын жаттығуларды білулері керек.

Апат (төтенше) жағдайындағы қауіпсіздік талаптары:

1.     ДК жұмысы кезінде ақау байқалса,  күйген иіс немесе бөгде дыбыс  пайда болса, компьютер жұмысын бірден тоқтатып, аппаратураны  ток көзінен ажыратып, мұғалімге немесе кабинет меңгерушісіне хабарлау керек.

2.     Қажет болғанда өрт сөндіруге көмектесу керек.

3.     Қажет болғанда, электр тогынан зақымданғандарға дәрігерлік алғашқы көмек көрсету керек.

4.     Компьютерлік сыныпта өрт болған жағдайда, оны су шашып сөндіруге болмайтынын білуі тиіс. Құмды немесе көбікті өртсөндіргішті пайдалануға болады.

5.     Егер зақымданған кісі  электр тогының әсерінде болса, онда оны жалаңаш қолмен қозғауға болмайтынын білуі тиіс. Электр тогын өткізбейтін материал пайдаланып, зақымданған адамды босатып алу керек.

ДК жұмысын аяқтағандағы қауіпсіздік талаптары:

1.      Мұғалімнің айтуы бойынша аппаратураны ток көзінен ажырату керек.

2.      Жұмыс орнын ретке келтіру керек.

3.      Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналында белгі жасау керек.