Сенім телефоны
8 (7182)332662
email: pavlschool30@mail.ru
Мекенжайы: 140000 Павлодар қаласы Баян Батыр көшесі 27
Директор : 8(7182)332660 қабылдау бөлмесі: 8(7182)332662
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Күн сайын: 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
Бір жылда2336496
Бір айда191640
Бір аптада40950
Кеше7766
Тәулік1078
Балалардың интернет желісіндегі қауіпсіздігі

 

Біздің заманда компьютерлік технологиялар мен Интернеттің өміріміздегі орны артып, халықтың физикалық және психикалық жағдайына олардың кері әсерін азайту қажеттілігі туындауда. Бұл мәселе әсіресе бала қаупісіздігіне қатысты, себебі қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы баланың дағдылары мен қабілеттерін дамытып қана қоймай, сондай-ақ, оның денсаулығына елеулі нұқсан келтіруге де болады. Ең маңыздысы ата-аналардың осы мәселенің бүкіл маңыздылығын түсіну қажет.

Балалар мен оқушылар компьютерлік технологияларды және Интернетті ақпарат іздеу үшін, мектеп жобаларын әзірлеу, ойын немесе достарымен қарым-қатынас орнату мақсатында, яғни қандай да болмасын мақсатта қолданғанына қарамастан, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ата-аналар мен мұғалімдер маңыздылығын түсініп, оған үлкен назар аударуы тиіс!

Интернет – инновациялар, білім беру және үдемелі жаһандық экономикалық өсімнің ерекше катализаторы. Интернет балалар үшін үлкен интеллектуалды мүмкіндіктер жасауда. Ол жаңа технологияларды зерттеу, мектеп тапсырмаларын орындау үшін оқу материалдарын табу, әлем бойынша өз құрбыларымен қарым-қатынаста болу, қызықты ойындар ойнау секілді мүмкіндіктермен байланысты болуы мүмкін. Өйткені баланың аты бала ғой. Интернет көбіне оқу және қарым-қатынас жасауға жағымды әсер еткенімен, өкінішке орай, оның ішінде балалар үшін өрескел, тіпті қауіпті ақпарат бар. Ата-аналар мен мұғалімдерге өз балалары мен оқушыларын Интернеттегі белгілі бір контенттердің жағымсыз әсерінен қорғау үшін, сонымен қатар, оларды қазіргі заманғы технологияларды қауіпсіз қолдану керек.