Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
55-98-37
email: sad27@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Жәшһүр Жүсіп көшесі, 27/1
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Шаттық пен қуанышқа толы тәрбие"

МЕН - балабақша басшысымын.

       Менің педагогикалық еңбек өтілім 38 жылдан астам. Бұл жылдар толқулар, ойланулар,  белсенді еңбектенулер болды. Осы жылдар арасында жас маманнан басшылық лауазымына дейін өсу жолдары өтті.

Педагогикалық тәжірибемнің молдығына қарап, бүгінгі күні өзіме сұрақ қоямын:

- Заманауи балабақша басшысы деген - ол кім?

Ол ұйымдастырушы, тәрбиеші, педагог, жаңашыл ұстаз.  Ол әкімшілік және  менеджер, әріптес және  лауазымды тұлға, жұмыс беруші,жауапкер, талап қоюшы. Ол дипломант және психолог.  Сонымен бірге шаруашылыққа жауапты адам, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының инспекторы, құрылысшы, дизайнер... Мұның барлығы басшы жұмысын қиындата түседі, бірақ қызықты етеді.

МЕН-балабақша басшысымын. Сондықтан  маған көшбасшы болу қажет. Нағыз заманауни балабақшаны жасайтын білікті кәсіби шеберлігі мол, сапалы білім беріп тәрбиелейтін  маман, ата-аналармен  достық, сыйластық қарым-қатынас құрып, бірлесе жұмыс жасай алатын, бәсекеге қабілетті, кәсіби жоғары білікті  болуым қажет.

МЕН-балабақша басшысымын. Бірақ алдымен мен - адаммын.  Өзімнің кемшіліктеріммен жағымды қасиеттерім бар. сондықтан мен көңілді кездерде күлуден, мұңды сәттерде жылаудан, қиын сәттерде қолдау сұраудан, табыстарға жеткен кезде қуанудан  қорықпаймын.  Және қасымдағылар да мұны жақсы түсініп, менің де олар сияқты жай ғана адам екенімді естен шығармайды.

 

«ШАТТЫҚ пен ҚУАНЫШҚА толЫ ТӘРБИЕ БЕРУ»,

біз үшін жай ғана балабақша  ұраны емес,

бұл - ТАБЫСТЫ ТҮЛЕКТЕР мен РИЗАШЫЛЫҚ БІЛДІРУШІ АТА-АНАЛАР.

 

2017 - 2018 жылдары біз "АРМАНДАҒАН БАЛАБАҚША!" атты ЖАҢА ЖОБАНЫ бастаймыз