Сенім телефоны
8 (7182) 53 - 84 -60
email: sad22goo@mail.ru
Мекенжайы: Айманов көш, 39 үй
Қабылдау Бөлмесі: 8 (7182) 53 - 84 – 60; Есепші - 8 (7182) 53 - 84 – 60; Вахта - 8 (7182) 53 - 05 - 96
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі, жұма -16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Балалар логопеды ұсынады

       «БАЛАЛАР  ЛОГОПЕДЫ   ҰСЫНАДЫ"

Кенес №1 — СІЗДЕН БАСТАЙМЫЗ

Сөз өзінен-өзі туындамайды, оған үйрету керек, және ол қарым-қатынас нәтижесінде туындауы да мүмкін. Табиғатыңыздан үндемес болсаңыз да баламен сөйлесу керек. Бала өзіне айтылған сөзді жеңіл түсінеді, егер де сөз онымен және оның айналасында не болып жатқанын түсіндіре білсе. Сондықтан өз әрекетіңізді сөзбен ілестіріңіз.

Кенес №2 — КӨЗҚАРАСТАР КЕЗДЕСУІ

Кез келген жағдайды дыбыстаңыз – егер де бала сізді тыңдағанын және көргенін байқасаңыз ғана. Оның көзіне қараңыз. Бұл өте маңызды, егер де балаңыз тым белсенді, үнемі қозғалыста болса.  Егер сіздің балаңыз жаңа ғана сөйлеп немесе азғантай ғана сөйлесе, сіздің дыбысты айтуыңызды көрсетуге тырысыңыз. 

Кенес №3 — АНЫҚ АЙТЫҢЫЗ

Әр сөзді анық, түсінікті етіп сөйлеңіз. Балалар дауыс ырғағына сезімтал келеді, сондықтан әр сөзді логикалық екпін түсетін, дұрыс айту керек.

Кенес №4 — СОЛ СИЯҚТЫ, БІРАҚ ӘР ТҮРЛІ

Бір сөзді көп қайталаңыз, сөздердің орнын ауыстыра отырып. Бала жаңа сөзді ұғуы үшін, ол сөзді бір-ақ рет емес, түрлі мәтінде бірнеше рет айту қажет.  

Кенес №5 — НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

Тым ұзақ сөздерді қолданбаңыз. Баланы шамадан тыс жүктемеңіз, бірден таныс емес көп сөздерді айтпаңыз. 

Кенес №6 — ЖАҚСЫ КӨҢІЛ-КҮЙ — НӘТИЖЕ КЕПІЛІ

Жаңа сөзді жағымды көңіл-күйде айтыңыз. Мұндай жағдайда бала үйренуге көп құлшынысты екендігін психологтар байқаған.

Кенес №7 — СӨЙЛЕТУДЕ БАРЛЫҚ СЕЗІМДЕР БІР АРНАДА

Баланың көруі, сезуі, иіскеуге мүмкіндігі болуы маңызды, яғни бала затты түрлі тәсілдермен зерттеу тиіс. Егер баланың затты алғанын байқасаңыз, оны бірнеше рет анық қайталаңыз.

Кенес №8 — СӨЙЛЕТУ НЕГІЗІНДЕ — ҚАТЫНАСҚА ТЫРЫСУ ЖАТЫР

Баланың сізбен қарым-қатынасқа түсуін үнемі қолдаңыз.

Кенес №9 — ТҮРЛІЛІККЕ ҰМТЫЛАМЫЗ

Егер бала тілі қайталанатын болса, оның тілдік қорын байыту керек, яғни сөздер тізбегін басқа дауысты және дауыссыз дыбыстармен алмастыру керек (дя-дя-дя, ма-ма-ма, ка-ко-ку).

Кенес №10 — БАЛАНЫҢ СӨЙЛЕУГЕ ТЫРЫСУЫН СЫЙЛАҢЫЗ

Сөйлеу еліктеудің және өзіне-өзі еліктеудің негізінде дамиды. Бала өзі не сізбен бірге сөйлеген кезде қатты дауыстап тұрған музыканы, телевизорды өшіріңіз және оған өзін-өзі естуіне мүмкіндік беріңіз. Баланы кейін дұрыс сөйлесуге қайта үйретпеу үшін, өбектемеңіз.  

Кенес №11 — ОЙЫНДА ҮЙРЕТІҢІЗ

Баланы ойында сөйлететін ойындармен ойнатыңыз. Сіз - баланы ынталандырасыз, жағдай емес.

Кенес №12 — МҰНЫ ІСТЕМЕГЕНІҢІЗ ДҰРЫС

Ата-аналар баланың қалауын табуға тырысады. Балада сөйлеуге қажеттілік жоғалады. Баланың ымдап сөйлесу деңгейінде қалып қою қаупі бар.

Кенес №13 — СӨЗДІК ҚОРЫН КЕҢЕЙТІҢІЗ

Бала сөзді екі деңгейде меңгереді, оны түсіну – пассивті сөздік, айту - белсенді. Егер оның түсіну ресурсын толтырсаңыз, ол міндетті түрде лексикалық байытуға әкеп соғады.

Кенес №14 — КҮНДЕЛІК ЖҮРГІЗІҢІЗ

Оның жетістіктерін жазып отырыңыз, қанша сөзді ол түсінеді және айта біледі.

Кенес №15 — ФОНЕМАТИКАЛЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ДАМЫТЫҢЫЗ

Тек бір дыбыспен айырмашылығы бар сөздерді (тас-тіс, жоқ-жақ) айыруға көмектесіңіз.

Кенес №16 — ДЫБЫСТЫҚ АЙТУҒА ЕЛІКТЕМЕҢІЗ

Мына сияқты сөздерді қолданыңыз «бух», «ням-ням», «ав-ав». Толық сөйлеуге негіз құраңыз.

Кенес №17 — ОҚЫҢЫЗ

Бірнеше реттен қысқа ертегілер, тақпақтар оқыңыз – балалар естігенін, мәтіндерді тез қабылдайды.

Кенес №18 — САУСАҚТАР – СӨЙЛЕТУДЕ КӨМЕККЕ КЕЛЕДІ

Ұсақ моториканы дамытыңыз – қолдағы саусақтың нақты қимылдары керек. Ол сөйлетуде тығыз байланыста.

Кенес №19 — ШЫДАМДЫ, КЕШІРІМДІ ЖӘНЕ … АБАЙ БОЛЫҢЫЗ                                                           Егер бала дыбысты дұрыс айтпаса, күлмеңіз, дұрыс айтылмауын қайталамаңыз. Керісінше, балаға дұрыс айтылуды тыңдауға мүмкіндік беріңіз.

Кенес №20 — ТЕК ҚАНА СІЗ!

Есте сақтаңыз: тек қана сіз баланың үйлесімді өсуіне көмек бере аласыз. Оның жетістіктеріне белсенді түрде қуануды ұмытпаңыз, баланы жиі мақтаңыз.

 

 

 

                                                                                   19 сәуір 2018 год

Логопед: Жилкибаева З.Н.