МО казахского языка и литературы
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ӘБ
“Дүниедегі ең асыл тіл — араб тілі, одан кейін түрік тілі, түрік тілінің ішіндегі гауһары — қазақ тілі”.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі: Балпекова Гүлмира Сәрсенбайқызы
Қазақ тілі мен әдебиет апталығы
Қазақ тілі мен әдебиет апталығы аясында өткен 7 «А» сыныпта «Қоршаған орта» тақырыбына байланысты ашық сабақ жоғары деңгейде өтті. Оқытушы бұл сабақта әр түрлі әдіс – тәсілдерін және АКТ мүмкіншіліктерін қолданып, оқушылардың қызығушылықтарын арттырды. Оқушылар белсенді қатысып, алдарына қойылған мақсаттарына жете білді. Сабаққа қатысқан ұстаздар ризашылықтарын білдірді.
Қазақ тілі мен әдебиет апталығы кезінде өткізілген. "Тұғыры биік, болашағы зор - Қазақстан!"
Тақырыбында 3-4сыныптар арасында мақал-мәтелдер сайысы өткізілді. Оқушылылар өз білімдерін ортаға салып, ел болашағы жайлы мәліметтер алды. "Көргендер де арманда, көрмегендер де арманда!" Өткізген: қазақ тілі мұғалімі Тусупова Рыскүл Алдабергенқызы.