|
1. Прохоренко Светлана Викторовна - директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: - кадрлар бойынша есеп беру ОШ – 1, ОШ – 5, СВ – 1, РИК - 83; - тарификация, жұмыс уақытын есепке алу табелі; - жаратылыстану-математикалық және политехникалық циклдер мұғалімдерінің ӘБ жұмысын басқару және бақылау, КТП бекіту; - қазақ, орыс мектебінің жаратылыстану-математикалық цикл мұғалімдерінің ӘБ жұмысына басшылық жасау, жетекшілікке алу; - тоқсандық, аралық, қорытынды бақылау жұмыстарын жүргізу, ЖМЦ пәндері бойынша мониторинг жүргізу; - 9-11 сыныптарында кураторлық жұмыс атқару; - қорытынды аттестаттауға, сыртқы бақылауға жетекшілік ету: ОЖСБ, PISA, TIMSS; - мектеп және пән бойынша оқушылардың үлгерімі бойынша есептерді тапсыру; - жалпы орта білім курсы үшін бітіру емтихандарын дайындау және өткізу бойынша жұмысты ұйымдастыру; - сабақ кестесін, факультативтерді құру; - үйде оқытуды ұйымдастыру; - қатаң есептегі құжаттардың толтырылуын, берілуін бақылау; - күндізгі мектептесыныптарды жинақтау; - көптілділік мәселелерін жүзеге асыру; - 1-11 сыныптардың сабақ, факультатив, пәндік үйірме, қосымша сабақтар кестесін, мектеп бітіру және көшіру емтихандарының кестесін жасау; - жаппай оқыту бойынша (ОШ-1, жартыжылдық, тоқсандық) есептер; - мектеп қызметін талдауға және жылдық жоспарды жоспарлауға қатысу.
|
|
2. Исабаева Зарина Нурлановна – директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: - мектеп жұмысының жылдық жоспарын жасау; - «Жас мұғалімдер мектебі» жұмысын ұйымдастыру; - әдістемелік кеңестің, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына басшылық жасау; - ҚР «Тілдер туралы» Заңның орындалуы бойынша жұмыстар ұйымдастыру; - мектеп бойынша ғылыми-әдістемелік жұмысты жүргізу; - мұғалімдерін түрлі деңгейдегі конференция, семинарлар, ашық сабақтар, педоқуларға қатыстыру, өткізуін қадағалау - озық педагогикалық тәжірибелерді анықтау, жинақтау және тарату; - мемлекеттік тілде БАҚ жұмысын ұйымдастыру; - мектеп бойынша тереңдетілген және гимназия сыныптарын ашу, олардың білім деңгейін, сапасын қатаң бақылауға алу; - олимпиадалық резерв мектебінің жұмысын ұйымдастыруды,мектеп олимпиадаларын өткізу және қалалық,облыстық олимпиадаларға дайындықты сапалы түрде жүргізуін қадағалау; - ҰҚТ, мектепалды даярлық тобының жұмыстарын ұйымдастыру; - бастауыш сыныптар бойынша сыныптан тыс жұмыс жүйесін ұйымдастыруды назардан шығармау; - бастауыш, қазақ тілі бағытындағы сыныптарда тоқсандық,аралық, қорытынды бақылау жұмыстарын өткізу, мониторинг жүргізу; - бастауыш мектеп бойынша мемлекеттік стандарттың орындалуын қамтамасыз ету; - бастауыш сынып, қазақ тілі пәні бойынша КТЖ бекіту.
|
|
3. Приписнова Светлана Анатольевна – директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары - мұғалімдерді аттестаттау; - мектептің оқу жоспарын құру - информатизация сұрақтары бойынша жұмысты ұйымдастыру; - Kundelik.kz және Bilimland сайттарының жұмысын қадағалау; - қазақ, орыс мектептеріндегі қоғамдық-гуманитарлық циклдерді басшылыққа алу,жұмыстарын талдау және кабинеттерінің эстетикалық тұрғыдан безендірілуін, санитарлық-гигиеналық нормаға сай болуын бақылау; - терендетілген пәндер бойынша бақылау жүргізу; - 5-11 сыныптардың сабақ, факультатив, пәндік үйірме, қосымша сабақтар кестесін, мектеп бітіру және көшіру емтихандарының кестесін жасау; - бейіндік оқытуды ұйымдастыру, басшылыққа алу ,бақылау; - мұғалімдердің даярлық курста, семинар мен конференцияларда әдістемелік деңгейлерін, білімдерін көтеру, жетілдіру;
|
|
4. Джамбусинова Салтанат Болтаевна - директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: - 1-11 сыныптардың тәрбие жұмыстарының жағдайын бақылау; - сынып жетекшілерінің ӘБ жұмысын ұйымдастыру, авторлық бағдарламалар, сыныптан тыс басылым өнімдерін әзірлеу, мектеп бойынша сынып жетекшілердің білімін жетілдіруді басшылыққа алу; - оқушылардың қызығушылығына қарай сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру, басшылылық жасау (үйірмелер, секциялар, орталықтар); - Мұражай жұмысын жандандыру; - ПДД, ЮДП бойынша инспекторларды тағайындап, жұмыстарына басшылық жасау; - 5-6 сынып оқушыларына кураторлық атқару ; - тәрбие жұмысы бойынша есеп жасау, тапсыру; - ДШ,АӘД,технология,музыка,сурет сабақтарын жетекшілікке алу; - 1-11 сыныптарда байқаулар, сайыстар, мемлекеттік және дәстүрлі мерекелер іс-шараларын дайындау және өткізу, қалалық және облыстық шараларда оқушылардың қатысуын қамтамасыз ету, талдау; - оқушылардың жазғы демалысын және бос уақыттарының қамтылуын ұйымдастыруды жоспарлау; - мектептен тыс мекемелермен байланыс, сыныптан тыс шаралар өткізгенде техника қауіпсіздігін қамтамасыз ету; - кәсіби-бейімдеу жұмыстары бойынша ЖОО, колледждер, мектептен тыс мекемелермен байланыс; - азаматтық қорғаныс, ТЖ бойынша жұмыс, ТҚ, АӘД жетекшілікке алу; - балалар ұйымына(«Жас ұлан», «Жас қыран», старостат, оқушылар кеңесі) басшылық жасау, «Ата-аналар университетін» құру. арнайы медициналық топтардың жұмысын қадағалау және басшылық жасау; - БАҚ жұмысын ұйымдастыру; - мектеп жанындағы учаскіге жетекшілік жасау (биология мұғалімдерімен бірге); - жылдық жоспар құру.
|
|
5. Зилкенова Жанар Муратовна – директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, СӨС жұмысын ұйымдастыру: - 1-11 сыныптарының тәрбие жұмысын ұйымдастыру; - жаппай оқыту бойынша есеп (қозғалыс), сынып жетекшілерді бекіту, сынып жетекшілердің білімін жетілдіруін басшылыққа алу; - мектеп шағын ауданы бойынша балаларды есепке алу, мектеп жасындағы балаларды толық білім берумен қамту; - «қауіп топтағы» оқушыларды қатаң есепке алу; - тәртіп бұзушылықтың алдын алу кеңес жұмысын басқару(айына бір рет) ; - жазғы демалыс кезінде оқушылардың сауықтыруын және мектеп жанындағы жазғы лагерь жұмысын ұйымдастыру; - балалар ұйымының, мектепішілік және сыныптағы ата-аналар комитеттерінің, шолғындау жұмыстарын ұйымдастыру және басшылық жасау; - 7,8 сыныптарында кураторлық жұмысын атқару; - қоңырау кестесін жасау, мектеп бойынша, асханада, қабаттарда, тасымалдау автобусында мұғалімдер мен оқушылардың кезекшілігін ұйымдастыру; - мектеп жылдық жоспарын құру; - СӨС, наркопост, СПИД жұмыстарына басшылық және бақылау жасау. СӨС қалыптастыру жұмысын ұйымдастыру; (барлық бағыттар бойынша); - СӨС мәселесі бойынша деректер банкісін қалыптастыру; - СӨС қалыптастыру мәселесі бойынша диагностика өткізу; - қалалық СӨС орталығымен тығыз байланыста болу; - СӨС бойынша есеп беру; Әлеуметтік педагог: - оқушылардың тамақтануын ұйымдастыруға жауапты, мониторинг жүргізу; - аз қамтылған отбасыларын және ондағы балалар санын анықтау, құжаттарын жинап, көмек көрсету; - бейморальды мінезді отбасыларындағы балалардың құқығын қорғау, қамқорлыққа алу, қамқоршылық бөлімімен байланыс ұстау; - әумесерлік мінез-құлықты, қатерлі тобында тұрған жасөспірімдерді мектептің оқудан тыс жұмысына баулу; - үлгеріміне, жүрісіне жағымсыз әсер бермеу мақсатында жасөспірімдерге көмек көрсету үшін жеке және топтық кеңес өткізу; - № 1 ЖОМ шағын ауданының әлеуметтік картасын құрастыру; - жайсыз жасөспірімдердің мәселесі бойынша мектептің басқа мекемелерімен тығыз байланысын ұйымдастыру: а) құқық қорғау органдарымен байланыс; б) медициналық мекемелерімен байланыс; - қаңғыбастық және сұрампаздықпен айналысатын балалар жөнінде рейдтер ұйымдастыруға және өткізуге қатысу, жетім балалар үйімен байланыс ұстау; - «Қамқоршылық» акциясын өткіз; - мектеп әкімшілігімен бірге аптасына бір рет кезекшілік міндетін атқару.
|
|
6. Хасенова Бибигуль Бисембаевна –директордың шаруашылық жұмыстары жөніндегі орынбасары: - оқу-тәрбие үрдісін материалдық-техникалық базасымен қамтамасыз ету; - мектепте санитарлық-гигиеналық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету; - қызмет көрсету персоналының еңбекақы табелін жүргізу; - техника қауіпсіздігі мен ішкі тәртіп ережелерінің сақталуын бақылау; - мектеп ғимараты мен мүлкін сақтау жұмысын, өрт қауыпсіздігін қамтамасыз ету; - техникалық персонал, отжағушылар және т.б. жұмыскерлердің жұмысына басшылық ету және бақылау; - мектеп мүлкін сатып алу, қатаң есепке алу, оларды жөндеу, сақтау; - ағымдағы, негізгі жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру,өткізу, ғимаратты жаңа оқу жылына дайындау және жыл бойы жағдайын жасау; - коммуналдық қызмет көрсететін кәсіпорындармен байланыс; - кәсіпорындармен салыстыру актісі; - атқарған жұмыстары туралы директордың алдында есеп беру.
|
|
7. Толқын Теміртасқызы Букаева - педагог – психолог: - оқу және тәрбие үрдісінде оқитындардың соматикалық, психикалық және әлеуметтік жайлылығын сақтауға бағытталған кәсіптік қызметі жүргізу; - Бала құқығын қорғау Конвенциясына сәйкес жеке тұлғаның құқығын қорғауға көмек көрсету; - әлеуметтік бейімделу шараларын іске асыру; - нақты мәселелерді шешуде педагогикалық ұжымға, ата-аналарға, оқушыларға көмек көрсету; - әр түрлі кәсіптің және белгілердің психологиялық диагностикасын өткізу; - оқушылар ата-аналарының тұлғалық және әлеуметтік даму мәселелеріне, педагогикалық ұжымды бағыттау мақсатымен жүргізілген зерттеу жұмыс материалдарына психологтік-педагогикалық қорытынды жасау; - Нормативтік құжат жүргізу және қолдану; - шығармашыл дарынды оқушыларды психологиялық тұрғыдан қолдау, олардың дамуына және ізденуіне көмек көрсету; - ҰБТ, ОЖСБ-ға дайындық кезінде оқушылармен, ата-аналармен стресске қарсы тұру мақсатында жаттығулар, тренингтер өткізу; - педагогикалық ұжымының даму мәселелері бойынша мектеп қызметкерлеріне,ата-аналарға,оқушы қауымына кеңес беру.
|
Әкімшілік