Сенім телефоны
+77718507395
email: sosh1@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001 индексі, Павлодар қ., Малайсары батыр к.,3
Қабылдау бөлімі: 8 (7182) 62-60-18, оқу бөлімі: 8(7182) 62-10-18 Бухгалтерия: 8 (7182) 62-60-07
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі күні - 15.00 - 18.00 Бейсенбі күні - 11.00 - 13.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жас Ұлан

Құрылымы

 

"Жас Ұлан" и "Жас Қыран"Ережесі

 

 "Жас Ұлан"БЖҰ жоспары

 

Көшбасшылар

 

Рәміздер мен атрибуттар

 1. Рәміздерге: ұран, салтанатты ән(әнұран), ту, галстук, төсбелгі, эмблема, жалауша.

 2. Ту балалар мен жасөспірімдер бірлестік символы. Ту республикалық ұйым мен оның барлық филиалдарында болуы тиіс (мектептік,аудандық/қалалық, облыстық). 

    Ту ақ түсті, тікбұрышты ені 200 х 100 см ортасында ұйымның эмблемасы бар.  Эмблемасы кесте, бояулар немесе мата аппликациясымен тігілген. Ағашында – ұлттық оюы, тік жолы бар.Ту шет-шетінен (жиегі) алтын түсті шашақтармен тігілген.  

3. Галстук – балалар ұйымына тәуелді символы. Түсі - көгілдір. Галстуктің көлемі - 40 х 130 см. Галстуктің оң жағында «Жас Ұлан» логотипі орналасқан. «Жас Ұлан» логотипі  диаметрі 4 см шенбер түрінде жасалған.

 «Жас Ұлан» төсбелгілері

 

 

4. Ұран– ұйым символы. Ол ұйымның басты идеясын білдіреді.

5. «Жас Ұлан»атрибуттары анықталған заттар мен белгілер болып саналады: төсбелгілер, барабан, айыру белгілер, төсбелгілері мен айыру белгілері(шеврондар).

 

Жас ұландар әні

                                                                                                 Әні мен сөзін жазған     

                                                                                                      Ұ. Ж. Жаналиева

1.          Біз ұланы қазақ елінің

   Туған жерін, сүйген Отанын.

   Әке жолын,  ана мейірімін,

    Бойға жиған қасиетін.

                          Қайырмасы:  

                          Жас ұлан, қалыспа!

                          Қырандай қарышта.

                          Еліміздің абройын

                          Асқақтатып әлемге

                          Нық ұстайық байрағын!

2.         Көп білуге ұмтыламыз

Өнер, білім, ғылымға.

Кеудемізде ар мен намыс

            Жетелейді бізді алға.

                         Қайырмасы:  

                         Жас ұлан, қалыспа !

                          Қырандай қарышта.

                          Еліміздің абройын                       

                          Асқақтатып әлемге

                          Нық ұстайық байрағын!

«Жас Ұлан» туының техникалық бейнесі.

 

Матасы : атлас,екі қабатты ту.

Көлемі : 1x2, (100 см х 200 см)

Бейнесі : ортасында бір жағынан, диаметрі- 70 см

Жақтаушалау : алтын түсті шашақтар

Түсіру әдісі : жібек трафареттік басылым

Бояулар : пластизоль, атмосфера әсері мен ультракүлгіндерге тұрақты, күнге күймейді.