ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 25 ЖЫЛ
Тәуелсіздік – тұғырың Жетекші орта жалпы білім беру мектебінің бастауыш сыныптарында 15 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты рәсімі өтті.Осы іс-шараның мақсаты:оқушыларды туған елінің болашағына үлес қосып, елі, жері үшін қызмет етуге тәрбиелеу және мектеп оқушыларының азаматтығын және патриотизмін қалыптастыру болып табылады. Мерекеміз Әнұраннан басталды.Мектеп директоры Оспанов Р.К құттықтау сөз сөйлеп, мектепшілік іс- шараларға қатысқан оқушыларды марапаттады. Оқушылар отанға байланысты әндер мен тақпақтардың айтып, би билеп мерекені қызықты өткізді. Ерекше көзге түскен 2 «ә», 4 «а», 4 «б», 3 «б» сынып оқушылары. Осы мерекені ұйымдастырған ұстаздарға алғысымыз шексіз. Осы мерекеге қатысқан барлық оқушылар Қазақстан Республикасының азаматтары екенін және байтақ еліміздің бір бөлігіекенін сезінеді алды деген сенімдеміз. Әрқашанда Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы болып, егемен елдің ұрпағының еңсесі биік болып, елімізде тыныштық болсын. Қазақстанға оңайлықпен келмеген Тәуелсіздікті қастерлей, қадірлей білейік және мәңгілік есте сақтауды ұмытпайық.