Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
356-793
email: zhsosh@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Жетекші ауылы, Мир көшесі 5/1
8(718)2356793; 8(718)2356456;
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дуйсенбі-жұма, сағ 9:00-17:00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Патриоттық тәрбие

Патриоттық тәрбие — отаншылдық кепілі Қазіргі кезеңде патриотизм тақырыбы, оның ішінде қазақстандық патриотизм мәселесі барлық қоғамдық, мемлекеттік, саяси, мәдени-рухани тақырыптардың өзегіне айналуда. Бүгінгі таңда жеке адамдар арасында да, әлеуметтік топтар арасында да шиеленістері мол, қарқынды дамып жатқан заманда, өзіңнің кімді жақтайтыныңды, қажеттілік туындай қалса кімді қорғайтыныңды, қай елдің мүддесі үшін еңбек ететініңді, өз әлеуетің мен күшіңді, идеяларыңды қай елдің игілігіне қолданатыныңді білген абзал. Осының бәрінен патриотизм сынды күрделі сезім қалыптасады. Барлық елдер өз азаматтары, әсіресе жастар жағы патриот болғанына, сол елдің жетістіктері және мәдениетін мақтан тұтып, ел байлығын көбейтіп, өзінің және өз балаларының болашағын осы елмен байланыстыруына мүдделі. Қасиетті хадис: “Отанды сүю иманнан-дүр”, дейді. Елін сүю, Отанын қорғау қашаннан ер жігіттің парызы болған. “Отаншыл сезім жас ұрпақ бойына қайдан беріледі? “Отан от басынан басталады”, дейтін халықтың ұрпағы бұл сенімнен шыға алып жүр ме? Қазіргі күні жастарымыздың бойындағы отаншыл рух, патриоттық сезім қай деңгей де?” деген сауалдардың бізді ойландыруы заңдылық. Патриоттық сезім отбасынан басталады. Өкінішке қарай, нарықтық қатынастардың кеңінен орын алуы, ересектердің тәрбиеге жеткіліксіз көңіл бөлуі, ата-аналардың уақытының жетіспеушілігі мен қолдарының тимеуі отбасындағы жастар тәрбиесінің ролін түсірді. Әрине, мұндай жағдайларда өзінің ескі арнасын жоғалтқан патриоттық, отансүйгіштік сезімдерді қалыптастыру мен оған тәрбиелеудің жаңа жолға оңайлықпен түсіп кете алмасы анық. Ел боламын деген мемлекеттер ең алдымен ұрпақ тәрбиесін бірінші орынға шығарған еді ғой. Ұл болашағы, ұрпақ тәрбиесінің діңгегі хақ дініміз исламда жатыр. Хадисте де, қасиетті Құран Кәрімде де отансүйгіштік туралы көп айтылады. Осыны санасына құйып өскен жас ертең өз Отанының нағыз патриоты болып шығатыны анық. Әйтпесе, бөгде ағымдардың жетегіне еріп, Отан қорғаудан жалтаратын жастардың саны уақыт санап өсе беретіні кәміл. Кеудесіне “бұл менің елім, менің жерім” дейтін сенім ұялата білген жас қана өз елінің шынайы патриоты бола білмек. Ол үшін “баланы жастан” дейтін халық даналығын естен шығармасақ болғаны. Жас ұрпақты патриоттық, отансүйгіштік рухта тәрбиелеу еліміздің өсіп-өркендеуі үшін қызмет ететіні еш күмән туғызбайды! Мақсұт МолынбайАдамзаттың асыл мұраттары қайта гүлдеп, мәдениет дәрежесі мен білімділік деңгейі қоғамның өркендеуінің басты өлшеміне айналып отырған жаңа ғасырда жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңызы артып келеді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан -2050» Стратегиялық даму бағдарламасында «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз» деген сөзі бүгінгі жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді. Біздің алдымызда тұрған басты міндет – тәуелсіз Қазақстанның әр жас жеткіншегінің жүрегінде Отанына, жеріне, еліне деген ыстық сезім, шынайы сүйіспеншілік ұялату. Сондықтан біз адамзаттық көзқарасы қалыптасқан, әлеуметтік белсенділігі жоғары отаншыл ұрпақ тәрбиелеп өсіруге аса көңіл бөлуіміз керек. Жоғарыда аталған бағыттарды басшылыққа ала отырып, ІІМ Ақтөбе заң институтының бастығы, полиция полковнигі Сәлімгерей Қаракүшев жастардың бойында патриоттық тәрбие мен азаматтық сезімді қалыптастыруға ерекше көңіл бөлуде. Егемендігіміз бен елдігіміздің кепілді тұрақтылығы мен заңдылығын сақтауда құқық қорғау органдарының алатын орны ерекше. Болашақта елдің тізгінін ұстайтын бүгінгі жастарымыз. Сондықтан да еліміздің ертеңі өсіп келе жатқан буынымыздың патриоттығына, отансүйгіштігіне байланысты болмақ. Ұлт көшбасшысымен берілген бағытта жастарды тәрбиелеу мақсатында қойылған талаптарға сәйкес, институт бастығының орынбасары, полиция полковнигі С.Махмұтов оқу орнының тыңдаушыларына «Патриоттық тәрбие – тәрбие негізі және отаншылдық кепілі» тақырыбына дәріс өткізді. Дәріс желісіне еліміздің басына түскен қиын кезеңдерде елі үшін ерліктерімен танылған тарихи тұлғалардың жасаған ұлы істері алынған. Дәріс барысында қазақстандық патриоттық тәрбие барлық оқу орындарының басты бағыттарының бірі болып табылатындығына тоқтала келіп, патриоттық тәрбиенің маңыздылығы жастардың бойында келесідей қасиеттерді қалыптастырып жатқандығы айтылды. Бұл Отанын сүю және азаматтығын мақтан тұту, өз Отанының болашағы үшін мамандығына сәйкес адал қызмет ету, ана тілін жетік меңгеру және оны қадірлу, халқының салт-дәсүр ерекшеліктерін білу, дінге, тарихи мұраларға құрметпен қарау, өз отандастарына сондай-ақ, басқа ұлт өкілдеріне адамгершілік көзқарас білдіру. Сонымен бірге, дәріскер Елбасымыздың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандық жол-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында оқу үлгерімі жақсы студенттер мен тыңдаушыларды қолдаудың тиімді жүйесін жасау және шәкіртақыны өсіру туралы Үкіметке берген тапсырмасына ерекше тоқталып өтті. Кеудесіне «Бұл менің елім, менің жерім» дейтін сенім ұялата білген жастар ғана өз елінің шынайы патриоты бола білмек. Ол үшін жастардың тәрбиесін басты мақсат етіп патриоттық тәрбиеге ерекше көңіл бөлгеніміз жөн. Оқылған дәріс тақырыбы болашақ Ішкі істер органдары қызметкерлерінің қызығушылығын тудыра отырып, туған елін, жерін, халқын қорғауға деген ынта-жігерін арттыруға септігін тигізді деп ойлаймын. «Болашаққа жоспар құрсаң – балаңды тәрбиеле», – деп шығыс нақылында айтылғандай, жас ұрпақты патриоттық сезім негізінде тәрбиелесек, егеменді еліміздің көк байрағы көк аспанда мәңгілік желбіремек.