Сенім телефоны
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Мекенжайы: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Баланың мектепке бейімделуі кезіндегі ата-аналардың көмегі

Мектепте өткен бірінші күндерден кейін, мерекелі сезімінің басылғаннан соң, сіздер балаңыздың мектепке ынтасыз жиналып жатқанын аңғарған боларсыз. Мектепте жағдайың қалай деп сұрағанда, жағымды эмоцияның аз болуы. Ондай кенеттен болған жағдайдан қорықпау керек, себебі баланың мектепке бейімделу үрдісі басталды.

Бейімделу үрдісі үш айға, кей кезде жарты жылға да созылуы мүмкін. Баланың мектепке бейімделу үрдісін бәсеңдете түсіретін ата-аналардың көбінесе жіберетін негізгі қателіктерін қарастырып көрейік. Оқытылымның басынан бастап балаға деген талаптардың өзгеруі, ересектердің ең жиі жіберетін қателіктері: «Сен енді естиярсың – енді сенің үйдегі міндеттерің бар!», «Сен енді үлкен болдың – енді сен үйде жалғыз қалсаң да болады»… Нәтижесінде бала бірден әлеуметтік өзгерістің ортасында қалады, кенеттен өзінің үйреншікті нәрсесі, ауысады. Әрине, бұл, мектепте оқитын балада белгіленген міндеттер болмауы керек деген сөз. Бірақ, оқу жылының басы мен үйдегі үй шаруасы ұштаспауы қажет, сонымен бірге отбасында қалыптасқан қағида да ауыспау керек. Осы өзгерістердің барлығы түрлі уақытта болуы тиіс. Ата-аналардың жіберер тағы бір қатесі, баланың оқытылымның басынан бастап алгоритмі қалыптасқан деп ойлауы. Өкінішке орай, кешегі балабақшаның баласы өзін оқуға ынталандырып ұйымдастыра алмайды. Бұл орынды жағдай. Үй тапсырмасы – бала үшін соншалық қызықты және маңызды емес, бұл қадамға итермелеу оңайға да соқпас. Балақай тағы бір минөт машинамен ойнағысы келеді, көбінесе бір минөтің, үй тапсырманы орындауға арналған бір сағатқа айналады… мұндай жағдайда ұрысу мен жазалау көмекші емес. Сізге баланы уақыт пен күшін дұрыс рәсімдеуді үйреткен абзал. Тапсырманы орындаудың реті мен негізгі кезеңдерін түсінгендей, балаға үй тапсырмасын орындауда көмек көрсетіңіз. Балаға сыныптастар арасында жағымды эмоция мен қызығушылықты сезген маңызды, оған замандастарының бағасы, олардың қатынасы абзал, себебі олардың барлығы балалар арасында сенім мен құрметке ие болуға ұмтылады. Баланың сыныптастарымен қарым-қатынас жасауында қолдауға тырысыңыздар: қонаққа баруға, өз үйіне қонақ шақыруға рұқсат етіңіздер, мектептегі іс-шараларға қатысыңыздар. Баланың сыныптастары жайлы жаман пікірде болмаңыздар. Бастауыш сыныптағы оқытылым үрдісі кезінде балалардың барлығы үшін мұғалімнің мәртебесі жоғары. Әрине, бұл ұстазға деген сенімділікті дамыту үшін қажетті жағдай, оқуға деген ынтаны белсендетеді. Сондықтан ата-аналардың тараптарынан мұғаліге деген жағымсыз пікірлері болмауы тиіс. Ұстаздың абыройы болмаған шақта баланың оқуға деген ынтасы жоғалуы мүмкін, пәндер бойынша мәселелер туындай бастайды.

Мектепке бейімделу кезінде баланың тым шапшаң болуы және басқа да эмоциялық тұрақсыздығы байқалған жағдайлар – орынды және шекірімді екендігін ескерген жөн.

Ата-ананың шыдамлығынан, ұстамдылығынан, көңіл бөлуінен баланың мектепке бейімделуібайланыст.